Дархан Кәлетаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісімен кездесті
26.04.2018, 09:42

Дархан Кәлетаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісімен кездесті

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Кролмен кездесу өткізді, деп хабарлайды silteme.kz AA.

Кездесу барысында министр Қазақстан АҚШ-пен жан-жақты серіктестік деңгейінде қарым-қатынастарды дамытуға айрықша мән беретінін айта келе, қазіргі уақыттағы дін саласында жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы әңгімеледі. 

Дархан Кәлетаев Қазақстанда мемлекет пен дін арасында өзара іс-қимылдың өзіндік үлгісі қалыптасып келе жатқанына тоқталып, осы бағытта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленгенін атап өтті.  

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта елімізде әртүрлі діндер мен конфессиялар өкілдері арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық үшін қолайлы және конструктивті жағдай қалыптасқан.

Тараптар тәжірибе алмасу және діни қызметті реттеу саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында тараптар бірлескен тиімді қарым-қатынастарды орнатудағы ортақ бастамалар Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы табысты ынтымақтастықтың кепілі болатынын жеткізді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер