Қазақстанның дзюдо федерациясы. Жартығасырлық жеңіс шынжыры
03.12.2017, 10:23

Қазақстанның дзюдо федерациясы. Жартығасырлық жеңіс шынжыры

Қазақстанның дзюдо федерациясы 1973 жылы құрылды. Республикадағы бұл жекпе - жекті алғашқы болып қалағандардың арасында Анатолий Малкин, Тлеухан Әміржанов, Владимир Пак, Анатолий Сун, Әбілхаир Байбосынова, Батырбек Сейсенбаев және басқалары бар. Бүкілодақтық жарыстарда қазақстандық дзюдошылар жақсы нәтижеге қол жеткізді, ал палуанымыз Марат Әзімбаев көп ұзамай Еуропа чемпионы атанды.

70-ші жылдардың соңы, 80-ші жылдардың басында қазақстандық палуандар ССРО жазғы Спартакиадасының, Одақ және Еуропа біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегері атағына ие болды. Олар Али Хамхоев, Қайрат Мысықбаев, Сергей Аширов, Ахат Аширов, Серік Шакимов, Асланбек Омаров, Ирина Семенюк және басқалары. Тәуелсіздікке қол жеткізген 1991 жылдары түрлі деңгейдегі хадықаралық жарыстарға Қазақстан өзінің ұлттық құрамасын шығарды. 1993 жылы дзюдодан ел құрамасы Азия чемпионатында жапондықтарға есе жіберіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға жайғасқан болатын.  

  1994 жылдан бастап біздің дзюдошылар Азиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғап, құрама қанжығасына чемпионаттың үш түрлі медалін байлады. 1998 жылы Мәскеуде өткен Бүкіләлемдік жасөспірімдер арасындағы ойында қазақстандық Ерлан Слямбаев алтыннан алқа тағынды. Ал басқа жылдары жастар арасындағы біріншіліктердің жүлдегері атанған. 2001 жылы алғашқы рет ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысқан қазақстандық палуандар Асхат Шахаров пен Асхат Жикеев «қола» медальға қол жеткізді. Ал 2008 жылы Азияның үш дүркін чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Асхат Житкеев дзюдодан алғашқы олимпиадалық «күмісін» еліне тарту етті. 2009 жылы қазақстандық 23-жасар спортшы Максим Раков ұлттық дзюдо тарихында ересектер арасындағы әлем чемпионатын қатысып, алғашқы алтынына қол жеткізді. Жалпы есепте ерлер құрамасы Ресей, Кореяға есе жіберіп, үшінші орынға жайғасты. Сол жылдары Қазақстанның дзюдо федерациясының президенті болып бұған дейін республикалық бокс федерациясына жетекшілік еткен Бекет Махмұтов тағайындалды. Осы кезеңде бокстан Қазақстан құрамасы төрт олимпиадалық «алтын» мен екі Вэл Баркер кубогын жеңіп үлгерді. 2012 жылдың 13 қарашасынан бастап кезексіз ҚРДФ мәслихатының шешімімен Федерация Кеңес Рақышевтың тізгініне берілді. Жеңіс тұғырынан көрінген дзюдошыларымыздың жеңісі тікелей жаттықтырушыға байланысты. Олар Жексенбай Саламатов, Талғат және Қанат Байшолақовтар, Манарбек Таутанов, Самат Жылқыбаев, Асылбек Құлмағамбетов, Бостан Жаңбырбаев, Ербол Қырғызбаев, Николай Потапеня, Владимир Кичатов, Пернебек Құлтаев, Ермек Иманбеков, Сергей Раков, Ғалымжан Жылгелдиев, Михаил Шепетюк, Александр Патокин, Александр Баранов және басқалары. Дзюдодан қазақстандық төрешілер корпусының мүшесі Мухсим Нуртазин халықаралық ареналарда жоғары тәжірибелі төреші ретінде еліміздің даңқын асқақтатып жүр. Мысалы 2008 жылғы Пекин Олимпиадасы мен 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында төреші міндетін атқарды. Қазақстан Республикасының дзюдо федерациясы құрылғаннан бері ұлттық құраманың қоржыны 88 медальмен (18 алтын, 19 күміс және 51 қола) толықты.     2010 және 2011 жылдары Қазақстан дзюдодан әлем кубогының кезеңдеріне қатысты. Ал 2012 жылы әрбір санат бойынша 16 үздік дзюдошыны анықтайтын «Әлемдік шеберлер» турнирі Алматыда өтті. Турнирге тоғыз олимпиада чемпиондары мен жиырмаға жуық әлем чемпионаттарының жеңімпаздары қатысты. Осы жарыста жерлесіміз Максим Раков алтыннан алқа тағынып, елінің мәртебесін тағы да бір асқақтатты. Сол кезде Қазақстан Республикасы дзюдо федерациясының басшысы Мариус Визер елімізге іс сапармен келген болатын. «Әлемдік шеберлер» атты турнирге жоғарғы баға берген жетекші қазақ елін дзюдодан Азияның ең үздік елдері санатына қосты. 2013 жылдан бастап Қазақстанда «Гран при» өтіп тұрады. Бірақ қазақстандық дзюдоның мәртебесі спортшыларымыздың жетістігімен ғана емес, сондай –ақ маңызды іс-шараларды жоғарғы дәрежеде өткізе білуімізбен ерекшеленеді. Айталық, 2011 жылдың сәуір айында Абу-Дабиде өткен Азиадалық дзюдо конгресінде Бекет Махмутовты құрлықтық ұйымның вице-президенті ретінде екінші кезеңге қайта тағайындады. 2012 жылы Лондон Олимпиадасында чемпиондық атақ үшін 135 елдің палуандары сынға түсті. Бұл спорт төрт жылда өте қатаң іріктеуден өтеді. Алайда, іріктеу турларының кедергілеріне қарамастан Қазақстанның ерлер құрамасы жүз пайыздық көрсеткішпен мүмкін болған жеті лицензияның барлығына қол жеткізді. Әйелдер құрамасы екі лицензия жеңіп алды.     Елімізде дзюдоның дамып келе жатқандығы қуантады. Тұрақты түрде ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында республикалық чемпионаттар өткізіліп тұрады. Жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен 10 мыңнан астам спортшылар қатысуда. Бұл үрдіс ары қарай да жалғасын табады деген үміттеміз.

 Дереккөз: confederation.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер