"Теория Заговора" деген нәрсе болашақта жаңа басым дінге айналады. Неге?
08.01.2018, 10:02

"Теория Заговора" деген нәрсе болашақта жаңа басым дінге айналады. Неге?

Oskar Gasta есімді фэйсбук қолданушысы өз парақшасында мұның себептерін тарқатты, деп хабарлайды silteme.kz.

"Теория Заговора" деген нәрсе болашақта жаңа басым дінге айналады деп ойлаймын.
Неге?
Ғылым білімге ақша құйған елдердің өкініп, бармақ тістегенін көрмеппін. (Антик заманында өкінген, онда да, жетістіктерін қорғауға қауқарлы әскер жабдықтауды ескермегеніне ғана, қазір оған жол бермесі анық). 
Әрине, ғылыми жаңалықты ашқан ел ол ғылымымен қоса, өз мәдениетін де сатуға тырысады. Толық хақы бар деп ойлаймын.
Егер дамушы елдер сол ғылыми деңгейге жеткісі келсе, не өз ішінде түбегейлі реформа жасауы керек, не дайын технологияны сол технология авторының мәдениетімен қоса қабылдауға мәжбүр болады.
Оған ақшасы да, құлқыны да жоқ елдер, іс жүзінде артта қалуға душар. Тарих мың рет дәлелдеген шындық. 
Сол көшке ере алмай жатқандардың ішінде, түк болмаған кейіп танытып, шарасыз арта қалғанын мойындау орнына, сол артта жүруді өздері әдейі таңдағандай бет көрсетіп, артта жүргенін "мақсат" әрі "мақтан" көрушілер де болады. Адамзат үшін бұл аса қауіпті емес. Себебі, адамзат (оның озық бөлігі) алға мыңмен орғып келеді. Бұндай пропаганда бөлек ұлттар мен халықтар үшін қауіпті. 
Түптеп келгенде, постиндустриялық білім беру мен ғылымға бюджетінің басым бөлігін құйған адамзаттың озық бөлігінің өресі мен технологиялық басымдығы арқасында, ақысы мен назарын жартылай феодал, жартылай индустриялық идеялдарға құйып, тұралап қалған елдердің санасын басқарып не жыртқыш аңдар құсатып, белгілі бір шекара шеңберінен шығармай, болашақтағы балаларының қызығы үшін және ағартушылық мақсатта қорықтағы хайуан құсатып ұстайтын болады. Кейбірін үй хайуаны құсатып жүнін жұлып қоя береді, асқан қайырымдылық танытса, екі жасар балаша тәрбиелейтін болады.
Ал артта қалған елдер арсылдап үріп, өз санасының тас қамауынан жан жағына алакөзденіп, өткен кеткенді үркіткеніне, жүз шақты "шата туған сатқындары" мен дамыған өркениет өкілдерін бауыздағанына мәз майрам болып, "сасық намысына" шомылып қала береді. Оған дамыған елдер жауабы: ауызша ескерту, алдын алу, оқшалау, болмай жатса, төбеден қаһарын жаудырып арқасын таспа тіледі.
Бұл ешқандай "Жөйттердің жасырын жоспары" емес, табиғат заңдылығы. 
Оған қалай өкпелейсің.
Өзің де үштегі балаңды "бүжәй", "бабай", Аяз Ата немесе оның атаңның аузынан "лақ" етіп түстің деп ертегі айтасың, ойыншықпен алдайсың, тентек қылса - бұрышқа қоясың. 
Себебі, өресі одан күрделі ақиқатқа бәрібір жетпейді әзір.
Бала күйіңде қалмау үшін критикалық ойлау қабілетін жетілдірген дұрыс.
Әйтпесе, ақыл зердең жетпеген дүниенің бәрін Масондарға,жын-шайтандарға тіреп жүре бересің" деген ол.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер