Ол басылым тілшісінің «Қазақтілді БАҚ-тың 99 пайызы мемлекеттік тапсырыспен күн көреді. Соңғы жылдары сындарлы сараптамалардың азайып кетуін, жалпы, қазақтілді БАҚ-тың мазмұнының жеңілдеп кетуін осы – мемлекеттік тапсырыстан көреміз бе?» деген сауалына:
«Меніңше, қазақтілді БАҚ-тың халыққа ықпалы күштірек. Сол себепті де билік тарапынан оған деген қысым да, бақылау да күшті сияқты. Бәлкім, мемлекеттік тапсырыстан берілетін қаржы мол болғандықтан, олардың жаңаға ұмтылуына, оқырмандарды іздеуге талпынуына әсер етіп жатқан шығар. Қалай дегенмен де орыстілді басылымдардың ресейлік ағайындары оларға көбірек бағыт-бағдар берді. Оқырманы да мол. Мәселен, «Форбс-ты» алайық. Ол жаңадан пайда болған басылым емес қой. Ресейлік басылымның қазақстандық аналогына айналды» деп тұжыра атап өткен.
Айта кетейік, «Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Парламент мәжілісінің екінші оқылымында мақұлданып, Сенатқа жолданды.