Асқазанның кішкентай иіңкі бөлігінде Вальдейер қуысы деп аталатын қуыс болады. Сұйық азықтар осы жерден тұрақты ашық қуысы бар асқазан жолынан шығып, он екі елі ішекке өтеді. Яғни, қысқаша айтқанда, адам түрегеп тұрып су ішсе сұйықтық ешқандай кедергіден өтпей тікелей он екі елі ішекке өтеді.
Судың адам ағзасы үшін қаншалықты маңызды екенін айтудың өзі артықтық болар. Ал, оны түрегеп тұрып ішкенде сұйықтықтың адам ағзасына еш пайдасы болай қалады. Мәселен, адам суды отырып ішсе алдымен ол асқазанға жиналып, сондағы қышқылдармен араласып, құрамындағы микробтары өледі, содан кейін барып он екі елі ішекке өтеді.
Остырып су ішу әдісіне мойынсұну арқылы адам холера ауруымен қоса көптеген сырқаттардан сақтанады. Сол үшін көрінген жерден су алып, оны түрегеп ішу түрлі ауруларға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Түрегеп тұрып су ішудің зиян екенін ғалымдар енді анықтап жатса, исламда ол Пайғамбар кезінен мәлім. Өзінің хадистерінде Мұхаммед (с.ғ.с.) адамзат баласының су мен асты отырып ішу керектігін айтып кеткен. Мәселен:
«Егер түрегеп тұрып су ішкен адам асқазанына келтіретін зиянды білгенде, ішкен суын құсып жіберер еді» (Абдурраззақ 10/427 хадис 19588).
«Түрегеп су ішпеңдер. Кімде-кім ұмытып, түрегеп тұрып су ішсе, құсып, шығарып тастауға тырыссын», — деген. (Мүслим әшриба хадис 116).