Мысырда косметикалық заттармен бетін әдемілеу мен қатар денесін күтіп, сол кезеңдегі сән үлгісімен жүріп, өзгерудің табиғи жолында жүрді: ерінді үлкейту, көзді үлкейту және т.б. Еріндерін бояп үлкейту үшін далап қолданды, шаштарына әртүрлі пайдалы майлар (бальзам) жақты. Осындай жолдармен заманауи косметология – өзінің бастамасын ежелгі Мысыр мәдениентінен алады. Ол жекелеген нақты заттардың көмегімен адамның беті мен денесін сау әрі әдемі етіп күтудегі өнер мен ғылым болып табылады.
Сол өткен замандарда косметикамен бақсы, ғылым жолындағы адамдар, шамандар айналысты. Олар косметикалық заттарды барлық мүмкіндіктерінше жасай алатын өнерлері болды. Негізінен олар сәндік косметикалар болды, олардың көмегімен беттің және дененің жетіспеушіліктерімен ақауларын барынша жасырып әдеміледі.
Ол бояулы қоспалар мен далаптарды арнайы нақышты әшекейлі плиткаларда дайындаған. Шаш бояуының бір түрі ерте көне заманның XVIII-ші династикасының (шамамен 1580 жыл б.з.б) Мысыр фараонының жұбайына тиесілі болды.
Көне Персияда әр түрлі косметикалық заттар дайындап шығарған: хош иісті майлар, түрлі майлар, опалар, бояулар және т.б. Сол кездің өзінде тек бет күтімі ғана емес, бүкіл дене күтіміне көңіл бөлген. Дәрежесі биік әйелдерге 6 ай сайын, тіпті одан да жиі бальзамді сылаулар және хош иістендірілген заттармен дәрет алғызып отырған. Сол уақытта сүтпен дәрет алу кең тараған болатын.
Мысырдың патша әйелі Клеопатра, император Неронның екінші әйелі болған белгілі hимдік сұлу әйел Поппея жүйелі түрде ешкі сүтімен шомылып (ванна) қабылдаған екен. Поппея тіпті саяхат кезінде де арбалы керуенде 500 ұрғашы ешкіні алып жүретін болған. Табиғи сүттегі ақуызды заттар таптырмайтын құнды зат екені баршамызға белгілі.
Поппея – әйелдер тарихындағы бірінші косметикалық рецептердің авторы болып саналады.
Косметика ең алдымен оңтүстік елдерде дамыды – Индия, Персия, Аравия, Оңтүстік Америкада. Олар ыстық климаттық жағдайда өздерін күн көзінен сақтады. Мүмкін олар сол кездің өзінде әртүрлі эфирлі майлар арқылы өздерін күн көзінен сақтап, сонымен қатар әртүрлі жәндіктердің уынан сақтану үшін косметикалық заттарды жағып қорғануды білсе керек.
Сонымен ерте кезден бастап косметика арқылы бет пен денені әдемілеу мақсатымен бірге, оны күн көзінен, желден, жәндіктерден тітіркендіргіш заттардан қорғап жүрген. Кейін мүмкіндігінше әртүрлі эфирлі майларды қолдана бастаған. Олар өзінің әсерімен теріге массаж және де емдік әсерін берген.
Әр түрлі косметикалық заттардың бар болғандығын «Одиссеz», «Гомер» атты ежелгі грек ескерткіштері еске түсіреді. Медицина атасы Гиппократ: « әйел сұлу болуға лайықты» – деп айтқан. Грецияда дене бітімінің сымбаттчылығы және бет терісінің сұлулығын арттыру дағдыға айналған, сол себептен оларда күтінуге ерекше көңіл бөлген. «Косметика» сөзі грек тілінен «әдемілеу өнері» деген мағынаны білдіреді. Көне Римде күңдер әйелдердің беті мен денесін әдемілеумен айналысқан. Оларды «косметиками» деп атаған.
Көне косметиканың гүлденуі Римде жетістікке жетті. Ол бүкіл дененің гигиенасымен тығыз байланыста болды. Римдік моншалар мен күнге қыздыруға арналған (солярий) алаңдары орасан зор кең тараған атақтары болды.
Ланолин косметикалық рецептердің негізгі құрамын құрады. Ол өзінің пайдалығымен ерекшеленеді. Атақты римдік дәрігер Гален косметикаларға шынайы әсері бар заттарды қолданған дұрыс деп санады. Римдік мемлекет күлдірегеннен кейін косметикада ұмыт бола бастады.
Орта ғасырдағы косметика жайлы азда болса айтуға болады. Шіркеу адам денесін күнәлі және оны күту кінәрат деп санады. Соныен қатар соғыс кезінде дене күтімін орта топтағы адамдардың өзі кейінгі жоспарға қалдырды. Косметика деп аталатын барлық заттарды тек моншаларда ғана қолданды.
Тек орта ғасырдың соңына қарай косметика қайта пайда болуына құқылы болды, яғни қолданыста еркін жүре бастады.
Дәл осы уақытта итальяндық Фарини әтірдің дайындалу әдісін ашты.
Кең тараған косметика қайта өрлеу дәуіріне жатты. Косметика Мысыр арқылы және басқа шығыс елдерінің өнері арқылы Францияға, содан қалған европалық елдерді, сонымен қатар Ресейге де енді. Жоғарыда айтып өткендей бұл косметикалар сәндік (декоративная косметика) болды. Олар өзінің мақсатымен беттің кемшілігін жасыру үшін (Мысалы: кең тараған дақтарды, сол уақыттағы шешек іздерін жабу үшін қолданған).
Косметика өнері XVII ғасырда Францияда өзінің гүлденуіне жетеді. Хош иісті майларды әйелдер мен ерлерде кеңінен қолдана бастады. Мәліметтер бойынша XIV ғасырда қолбасшы Людовик хош иісті эссенция мен косметикалық таңғыштарды өзімен бірге жорықтарға алып шығып жүрген екен.
Сонымен жасанды шаш қою уақыты келе бастады. Бұл мәдени сұлулыққа францияның буржуазиялық революциясы шек қойды. Кейінгі сән үлгілері өзгере бастады, қарапайымдылыққа жету негізгі үлкен мақсат болды. Әйелдердің шынайы сұлулығының уақытты келді, ол шынайы сұлулық пен денсаулық кепілі болды.
Өткен жүз жылдықтың 60 жылдары косметика мықты негізін қалап, гигиеналық талаптарға сай, ғылыми тұрғыда дами бастады. XIX ғасырда Ресейде парфюмерлік өндірістер негіздері қалана бастады, кейіннен косметикалық кабинеттер мен институттар және косметикалық емханалар ашыла бастады.
© irisgul.wordpress.com