Дана инвестор америкалық Небраска штатының Омахеде 30.08.1930 жылы дүниеге келген. Табысты биржалық маклер, ал кейінірек конгрессмен Говард Баффеттің отбасында төрт бала болды. Алайда, Уорреннен басқасының бәрі қыздар еді. Уоррен биржа мен әртүрлі қаржылық операцияларға бала кезінен қызығушылық танытқаны сөзсіз. Кішкентай Уоррен алты жасында өзінің алғашқы сәтті мәмілесін жасады. Атасының дүкенінде Coca-Cola-ны қорабымен сатып алып, оны отбасының мүшелеріне бағасын көтеріп сатқан. Он бір жасында Уоррен әкесінің мысалында қор биржасында ақша табуды шешеді. Әкесінен біраз ақша алып, әпкесімен бірігіп Cities Service-тен 38 долларға 3 акция сатып алады. Кенеттен акциялар 27 долларға дейін арзандап, көп ұзамай 40 долларға дейін көтерілді. Болашақ инвестор бұдан былай тәуекелге бармауды шешіп, акцияларды сатып, 5 доллар таза табыс табады. Бірақ көп ұзамай Cities Service-тің акциясының құны 200 долларға дейін көтерілді. Кейіннен Баффетт бұл оқиғаны бірнеше рет еске алып, өмір оған маңызды сабақ үйреткенін атап өтеді. Осы оқиғадан "шыдамдылық марапатталады" деген қорытынды жасағанын айтады. Бұдан "Уоррен Баффеттің инвестициялық тәсілінің" мәнісін түсінуге болады.
13 жасында ол газет таратушы болып жұмысқа орналасады. Жұмыста ол ең ұтымды бағыт стратегиясын құрып, онымен жұмыс жасай отырып, Уоррен газет жеткізілімін бірнеше есе арттырады. Сондай-ақ жалақысын да көтерген. Бір жылдан кейін ол бір жарым мың доллар жиған. Сол ақшаға жер телімін сатып алып, оны фермерлерге жалға береді.
Жоғары сыныпта Баффетт досымен бірге ойын бизнесімен айналысады. Қолданылған үш ойын автоматын сатып алып, оны қаладағы ең жиі баратын жерлер — шаштараз, дүкендерге орнатқан. Түскен пайданы (айына 600 доллар) мекеменің иелерімен бөлісті. 1947 жылы Вашингтондағы У. Вилсон жоғары мектебін бітіріп, әкесінің кеңесімен Пенсилвания штатының университетіне аттанады. Сол университетте қаржы факультетінде екі жыл оқиды. 1948 жылы Уорреннің әкесі конгрессмендер сайлау науқанынан жеңіліп қалып, отбасымен бірге Омахаға қайтып оралады. Уоррен оқуын Небраска штатының университетінде жалғастырады. 2 жыл өткен соң, 1950 жылы баклавр дәрежесін алып, Гарвард университетіне өтініш береді. Өкінішке орай, ол сонда қабылданбады. Содан кейін Вашингтондағы Колумбия университетінің бизнес мектебіне түседі. Онда бағалы қағаздар саласындағы танымал сарапшылар — Бенджамин Грэм мен Дэвид Додд дәріс оқитын. Грэм мен Д. Додд бірлесіп 1934 жылы жазған "Бағалы қағаздарға талдау" еңбегі, әрбір инвестордың тағдырындағы ең маңызды кітабы болып саналды. Грэхемнің "Есті инвесторы" (1949), Баффеттің ойынша, қаржы тақырыбында жазылған үздік кітап. Университетте студент Баффетт оқытуышы Грэхемнан ең жоғары балл ала алған, жалғыз студент болды.
1957 жылы ол бастапқы капиталы 105 мың доллар болатын Buffett Associates инвестициялық серіктестігін құрып, ол 7 кәсіпкерге қаражат бөледі. Бір қызығы, осы уақытта Баффеттің дәулеті шамамен 140 мың доллар болғанымен, алайда ол тек жобаға 100 доллар ғана салған. Бұның себебі, егер басқалардың салған ақшаларымен инвестициялау сәтсіз болған жағдайда, ол өз капиталын шығарамын деген ниетпен, өз байлығына жұмсамайды. Алты ай өткеннен кейін компанияның бастапқы капиталы үш есе өсті. Баффеттің стратегиясының мәні, өзінің есептеуінше, нарықта ұзақ уақыт қалатын әрі тамаша басқаруға ие компаниялар мен кәсіпорындардың акциясына ақшасын салған. Ол стратегиямен 1969 жылы Buffett Associates-тің құны 102 миллион долларға дейін өскеніне қарамастан, компаниядағы барлық активтерін сатып жібереді. Оның орнына дағдарыс жағдайындағы Berkshire Hathawayтоқыма компаниясының активтерін тиімділігін бағалап, сатып алады. Ол Berkshire Hathaway -ден түскен табысқа, құнды қағаздарды сатып алған. Соңғы 30 жылда ол өз акцияларын сатпаған, керісінше компанияның акциясын сатып алған. Бүгінгі күнде компанияның 42,7% акциясына иелік етеді.
Бір кездері Америкадағы сақтандыру компанияларына заңнамалық деңгейде салық жеңілдіктері берілді. Баффетт сақтандыру компаниясы бизнесінің болашақта табысты деп бағалап, бес ірі американдық компаниялардың акцияларын сатып алады. Нәтижесінде оның бұл пайымы дұрыс болып шығады. Ол 31 жасында ең алғашқы бір миллионын тапса, ал 40 жасында оның дәулеті 28 млрд-қа бағаланған. Ол құнды қағаздарды сатып алғанда, компанияның өндірістік және қаржылық көрсеткіштеріне талдау жасап, бағаланбаған активтерді сатып алуға басымдық береді. Біртіндеп Баффетт басқа компаниялардың бағасы құламайтын, керісінше тұрақты өсетін акцияларын сатып алады. Осылайша, Баффет Coca-Cola акцияларын 1,3 миллиард долларға сатып алды. Бүгінгі күні олардың құны 13,4 миллиард долларға жеткен; 600 миллион долларға сатып алынған Gillette акциялары 4,6 миллиардқа жетті. The Washington Post- қа салған 11 миллион доллар ақшасы, бүгінде миллиардқа өскен. Миллиардер сондай-ақ McDonald's және Walt Disney сияқты танымал компаниялардың акцияларының иесі болып табылады. 2008 жылы Уоррен Баффетт әлемдегі ең бай адам аталды. 2016 жылы «Oracle of Omaha» компаниясы 65 миллиард доллар бағаланады.
Бірақ өмірде Баффетт үнемшілдікті жақсы көреді. Өткен ғасырдың 60-жылдары 31,5 мың долларға сатып алынған 2 қабатты үйде тұрады; 700 долларлық ескі "Хондамен" жүреді; Заттарды арзан дүкендерден сатып алады. Соған қарамастан ол спорттық ұшақтарға айтарлықтай қаражат бөледі. Гольф ойнағанды жақсы көреді. Миллиардер қайтыс болғаннан кейін, қаражатының 99% -н қайырымдылық «Баффетт қорына» қалдырмақшы. 2006 жылдың маусым айында Баффетт бес қайырымдылық қорына 37 миллиард доллар аударғаны туралы жариялады, олардың көпшілігі Гейтс қорына түскен.
Дерек көзі: bilim-all.kz