Шараға отандық және шетелдік IT саласы мамандары, зияткерлік бизнес пен құзырлы мемлекеттік орган өкілдері қатысты.
Аталған жиынның басты тақырыбы – парасатты немесе саналы бизнес айналасында өрбіді. Негізінен 6 бағыт, 6 залда: клиенттік тәжірибені басқару, персоналды басқару, өндіріс және активтерді басқару, инновациялар мен технологиялар, қаржы, жеткізу тізбектерін басқару тақырыптары талқыға түсіп, шара қонақтары мен қатысушылары өз тілек-қалауларына сәйкес бөлімдердің тыңдаушылары мен көрермендеріне айналды.
Мұнда SAP әріптестері мен клиенттері біржақты ақпарат алып қана қоймай, ой қазанын қайнатып, инновациялық-технологиялық шешімдердің өз бизнестерін жүргізуде қандай артықшылықтар беріп жатқанын кеңінен әңгімеледі. Яғни, олар жан-жақтан интеллектуальды кәсіпорын құрудың жолдары мен әдістері турасында өз ойларын ортаға салды.
Өз кезегінде SAP-тың Қазақстан бойынша атқарушы директоры Евгений Теремов өз компанияларының қалай жұмыс жасап, қалайша бүгінгідей ымыралы орта қалыптастырғанын айтты.
«SAP көп жылдардан бері экономиканы дамытудағы стратегиялық әріптес және партнерлік экожүйе құруда. Атап айтқанда, компания аяқ басқан елдердегі инновацияларға барынша қолдау білдіріп, адами капиталға кең көлемде салым салуда. Қазақстандағы бизнес пен әріптестік арналарын да ұжым болып дамыта береміз. Әсіресе, сандық экономиканың дамуына атсалысып, «Сандық Қазақстан» бағдарламасын шетелдік IT саласы лидерлерімен өркендетеміз», - деді ол.
Оның айтуынша, дәстүрлі автоматизациядан бас бұрып, зияткер кәсіпорынға көшу керек. Бұл жаңа концепция, жаңа төңкерісті қадам ретінде барлық деректерді бір жерге жинау, роботизация, болжамды жоспарлау арқылы жүзеге асады.
SAP NOW Қазақстан
«SAP көп жылдардан бері экономиканы дамытудағы стратегиялық әріптес және партнерлік экожүйе құруда. Атап айтқанда, компания аяқ басқан елдердегі инновацияларға барынша қолдау білдіріп, адами капиталға кең көлемде салым салуда. Қазақстандағы бизнес пен әріптестік арналарын да ұжым болып дамыта береміз. Әсіресе, сандық экономиканың дамуына атсалысып, «Сандық Қазақстан» бағдарламасын шетелдік IT саласы лидерлерімен өркендетеміз»
SAP клиенттермен жұмыс жөніндегі сарапшы Юлия Степанцова болса, жаңа қадамның сындарлылығын атады.
«Әралуан жүйелердің деректерін тексеру аса маңызды. Міне, нақты осы жерде бізге роботтар көмекке келеді. Елеусіз көмекші көрінсе де, олардың статистикаға сәйкес бизнес процестің 60 пайызға жуық қуатын үнемдей алатыны белгілі болып отыр. Ең бастасы, оның өте жоғары қайтарымдылығы десек артық емес. Тіптен, 200 пайызға дейін. 2018 жылғы дерекпен сөйлер болсақ, осы жаңа жүйеге көшкен ұйымдар 680 млн. долларға дейін қаржы тапқан», - деп айрықша атады сарапшы.
Бұдан бөлек, сандық дәуірдегі HR, сандық маркетинг пен клиенттік база, электронды коммерция, зияткер жоспарлау, логистика тақырыптары бойынша спикерлер сөз алды.
Шара барысында зияткер бизнеске негіз болып отырған алдыңғы қатарлы технологиялар мен қосымшалар көпшілік назарына ұсынылды. Олардың ішінде SAP-тың өз құрылғылары мен инновацияларымен қатар заманауи IT шешімдердің жаңарған версиялары, жалпы алғанда 70-ке жуық презентациялық-кейс көрмеге қойылды.
Сонымен қатар, форум келушілері интерактивті зоналарда SAP пен әріптес компаниялардың практикалық шешімдерін тестілеп, зерттеп зерделеді.
Айта кетейік, SAP корпоративтік қосымшалар нарығындағы әлемдік лидерлердің бірі. Оның шешімдерін 180 елден 413 мың клиент тұтынады. Оның басты мақтанышы Ресейде орналасқан Деректерді өңдеу орталығы және де экосистеманы сараптауды дамыту бағытына басымдық берген.