Жастық шағымызда, бойымыз қуатқа толы кезде, зейнетақы туралы сирек ойланамыз. Бірақ уақыт өткінші: бүгін сен студентсің, ертең жас маман, ертеңгі күні жетік маман, міне, зейнет жасы да келіп, сені зейнеткерлікке шығарып салуда. Зейнеткерлік – құрметке лайық демалыс деседі . Бірақ, көбінесе зейнеткерлерге демалыс тек арман болып қалуда. Шындығына келсек, зейнеткерлердің көпшілігіне, зейнетақылары негізгі қажеттіліктеріне әрең жетуде. Сондықтан да олар зейнет жасында да жұмыс істеуге мәжбүр. Осы кезде көп адамдар, жіберіп алған мүмкіндіктеріне өкінішпен қарайды: Біреулер «конверт» арқылы жалақы алғанына, ал жұмыс беруші зейнетақы жарналарын аз мөлшерде аударып отырды, ал кейбірінде зейнетақы жарналары мүлде болған емес. Дәл осы азаматтардың осы санаты туралы, біз әңгіме қозғаймыз .
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - олар кім?
«Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар» ұғымының ресми түсіндірмесі келесідей:
- Табыс табу үшін тауар өндіру мен қызмет корсету саласында жұмыс жасайтын жеке тұлғалар, өндірістік кооператив мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың ақысы төленбейтін жұмысшылары және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын жумыс берушілер;
- Жеке немесе бір/бірнеше серіктестермен өзін-өзі жұмыспен қамту негізінде жұмыс істейтін және тұрақты негізде қызметкерлерді жалдамайтын жеке тұлғалар.
Анықтаудан көріп отырғанымыздай, бұл ұзақ, күрделі, түсініксіз ұғым. Егер мұның бәрін қарапайым тілге аударса, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - жеке бизнеспен айналысатындар, жеке кәсіпкерлер немесе еңбек келісім-шартысыз жұмыс істейтіндер. Сіз базарда жұмыс жасасаңыз, жеке көлікпен тасымалдаумен айналыссаңыз, жөндеу жұмыстарын жүргізсеңіз және т.б. – өзін өзі жұмыспен қамтыған адамсыз.
Зейнетақы.
Бүгінгі күні Қазақстандағы зейнетақы үш көзден тұрады: базалық зейнетақы, еңбек зейнетақысы және зейнетақы жинақтары.
Базалық зейнетақы бүгінгі күнге бәріне бірдей төленеді-ең төменгі күнкөріс деңгейінің жартысынан сәл артық. Ол 2018 жылдың 1-шілдесінен бастап қызмет мерзімі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты есептеледі. Тиісті жылға белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз болатын адамдарға алынады. 10 жылдан жоғары әр толық 1 жылдық еңбек өтіліне ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 пайызы қосылады. Яғни, еңбек өтіл толық 33 жылды құраса, онда базалық зейнетақының көлемі 100 пайыз ең төменгі күнкөріс деңгейін құрайды
Еңбек зейнетақыны алу үшін 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін кем дегенде 6 ай жұмыс өтілі болуы тиіс. Жыл сайын бұл компонент қысқартылады, 1998 жылға дейінгі жумыс өтілі қаншалықты аз болса, соншалықты еңбек зейнетақысы да аз болады. Еңбек жолын 1998 жылдан бастаған азаматтар , зейнетақының бұл түрін ала алмайды.
Зейнетақы жинақтары - ол ай сайынғы табыстан 10 пайыз көлеміндегі міндетті зейнетақы жарналары.
Осылайша, еңбек зейнетақысының үлесі жыл сайын азаяды, зейнетақы жүйеден мүлде шыққанша . 2040 жылы зейнеткерлікке еңбек зейнетақыны алуға мулде құқығы жоқ адамдар шыгады және зейнетақыны зейнатақы жинақтары есебінен алатын болады. Мұнда жинақ көлемі әр адамның озіне байланысты. Сіз зейнеткерлікке шыққанға дейін қанша жинақ жинасаңыз, сонша алатын боласыз.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар туралы тағы ...
Бүгінгі күні зейнетақы жарналары бойынша жағдай қарқынды емес. Зейнетақы жарналары тұрақты негізде барлыгында толық көлемде уақытылы аударылуда емес: біреудің жұмыс берушісі толық көлемде жарнаны адалынан салмаса, ал біреудің зейнетақы жарналары мүлде жоқ. Ең алдымен, бұл санат түріне өзін-өзі жұмыспен қамтитын адамдар кіреді. Ағымдағы жағдайды жөндеу үшін өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдарды өнімді жұмысқа тартып, еңбек қызметін заңдастыру жолымен өзгерту керек. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауында айтқанындай, әділ әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін құра аламыз.
Шығу жолы бар.
Осы міндетті іске асыру шеңберінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жүйесіне өз бетінше жұмыспен айналысатын азаматтарды тарту үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондықтан, «БЖЗҚ» АҚ Алматы қаласындағы филиалы Әуезов ауданы әкімдігімен бірге базарларда, сауда орталықтарында және Алматы қаласындағы «Жұмыспен қамсыздандыру орталығының» «Өзіне өзі қызмет көрсету аймағында» өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтарға зейнетақы жүйесіне қатысу бойынша кеңес беру жұмыстарын ұйымдастырды. Мамандардың қызметіне жүгіне отырып зейнетақы жүйесі туралы сұрақтарға жауап алуға, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарт жасасуға, жеке деректерді жаңартуға және зейнетақы шотының жағдайы туралы ақпаратты алуға болады.
Филиал қызметкерлері жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін дәрістер мен презентациялар жүргізеді. Ал операциалық бөлім қызметкерлері зейнетақы шотына жарналары қазіргі уақытта аударылмаған салымшыларға телефон арқылы кеңес береді . Әңгіме барысында, филиал қызметкерлері зейнетақы жарналарының не себепті аударылмай отырғандығын анықтайды, Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер туралы мәлімет береді, жұмыссыз қалған азаматтарға «Жұмыспен қамту орталығына» баруын ұсынады, ол жерде қажет болған жағдайда талап етілген мамандықтар бойынша оқуға жібереді «Даму» КДҚ-на және «Атамакен» ҰКП-на. Ол жерлерде Бастау-Бизнес жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жузеге асырылады және қалалар мен ауылдарда микрокредиттерді кепілдендіру мен мал мен өсімдік шаруашылығы субсидияланады.
Дереккөз: КГУ Региональная служба коммуникаций города Алматы