Қар көшкіні туралы өмірлік маңызы бар 10 дерек. + 1 дерек
20.01.2018, 09:55

Қар көшкіні туралы өмірлік маңызы бар 10 дерек. + 1 дерек

Бұл туралы Жамбыл облысы ТЖД сайтында жарияланған, деп хабарлайды silteme.kz AA.

Қар көшкіні - тез арада, аяқ астынан пайда болатын, адам өмірі мен денсаулығы, экономика объектілері мен қоршаған ортаға зиян келтіретін тау беткейінен төмен жылжитын қар мен мұз массасы.

Қар көшкіні әрдайым елді мекендерге, спорттық-санаторлық объектілерге, автомобиль және темір жолдарға үлкен қатер тудырады.

Қар көшкінін тудыратын факторларға келесілер жатады:

Қар жамылғысының биіктігі; Қар тығыздығы; Қар жауу жылдамдығы; Қардың қалыңдауы; Қар жамылғысы мен ауа температурасының өзгеруі.

 

Қар жаумай тұрған кездегі қар көшкіні, қардың тығыздығы мен көтеру қасиетін әлсірететін,  қардың шамадан тыс еруі себебінен болуы мүмкін.

Қар көшкіні көшкін ошағында пайда болып, беткей ауданын қамтып, сол ауданмен төменгі беткейге қозғалады.

Елімізде қар көшкін қауіпті кезең желтоқсаннан сәуір айына дейін жалғасады. Кейбір жылдары, бірінші қар көшкіні қарашада жүріп өтіп, соңғылары мамыр айында да орын алып жатады. Қар ерімейтін шыңдарда көшкін қауіпі жыл бойы сақталады.

Қар көшкінінің себебі, бәрінен бұрын,  қардың мөлшерден көп жаууы және көктемгі қар еруі, адам мен жануардың әрекеті.

Сақтану іс-шарасы ретінде осы аудандарда көшкін қауіпі бақылауын жүргізеді. Қар көшкінінен сақтану мақсатында көшкін қауіпі бар кезеңде таулы аймақтарға адамдар мен автокөліктердің баруына шектеу қойылады. Көшкін қауіпі бар кезде сол ауданда болуға кеңес етілмейді, ал кейде блокбекеттерді қоюмен адамдардың өтуіне толықтай тыйым салынады.

Қажеттілігіне қарай тау бөктерін жару әдісімен қардың артық массасын түсіреді.

Қар көшкінінен сақтану үшін инженерлік құрылыстарды тұрғызу қарастырылған.

 

 Алдын алу!

Тиісті органдардың алдын алу мақсатындағы ақпаратына әрдайым құлақ асыңыз; Таудағы жағдай жайындағы ақпаратты БАҚ арқылы қадағалап отырыңыз; Демалыс үшін көшкін қауіпі бар аймақтарда тоқтамаңыз; Көшкін қауіпі бар аймақпен қозғалыс барысында барынша абай болыңыз.

 

Тыйым салынады!

Қар көшкінін жүргізу мақсатындағы жару жұмыстарын жүргізу кезінде беткей етегінде тұруға қатаң тыйым салынады.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер