Күн суыта бастаған сайын пештерді дұрыс пайдаланбауымен байланысты жазатайым оқиғалардың саны да көбейе бастайды, ол өз кезегінде улы газбен улануына алып келеді.
Негізінде бұл оқиғалар күн салқындай бастағанда орын алады, себебі бұл кезде пештерді сұйық және қатты отынмен жылытады және халық қауіпсіздікдің қарапайым ережелерін ұмытады.
Ауада әртүрлі отынның толық емес жануы кезінде улы газ пайда болады. Улану әдетте пештердің мұржаларын алдын ала жабу кезінде орын алады. Толық жанбаған көмір көмір-қышқыл газбен араласып, улы газ пайда болады.
Соным бірге улы газбен уланудың себептері болып пеш құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы да болуы мүмкін (пештің есігі уақытылы жабылмайды, таза ауаның жеткіліксіз болуы, дұрыс емес тартуы), пештер мен мұржалардың дұрыс емес жұмыс істеуі (пештердегі жарықшақтар, мұржалардың толып қалуы).
Улы газдың түсі мен иісі болмауы оны ерекше қауіпті етеді. Уланудың себептерін анықтапу алғашқы сәтте өте қиындыққа соғады, сондықтан Сіз науқастанудың себептері улы газ екендігін сезбейсіз. Бір бөлмедегі барлық адамдардың бірыңғай белгілері анықталуы улы газбен улану сәтін анықтауға мүміндік береді.
Көміртек тотығының азғаны мөлшері кезінде токсикалық әрекеті және уланудың алғашқы белгілері пайда болуы мүмкін: көзден жас ағады, бас ауырып, айналады, әлсіздік пен жүрек айныйды, құрғақ жөтел, сана шатасуы, көзге және құлаққа елестер пайда болуы мүмкін. Уланудың симптомдарын сезген кезде мүмкіндігінше бөлмеден тез арада таза ауаға шығу керек.
Қозғалтқышы жұмыс істеп жатқан автомобилде ұзақ уақыт болғанда улы газбен улануы мүмкін (пайдаланылған газ жиналғанда), өрт ошағында ұзақ уақыт болғанда.
Улы газбен улану белгілері әртүрлі – бас аурудан, шеке зырқылыдан, жүрек айнудан, құсықтан, ұйқыға тартудан, оқтын-оқтын талмадан бастап, естен танып қалуға дейін, тыныстың бұзылуымен ессіз күйге және қан айналамы бұзылуына дейін. Ауыр оқиғалар жүрек талмасына дейін алын келуі мүмкін. Зардап шеккенді тез арада ауруханаға жеткізу керек.
Дәрігерлер келгенше науқасты таза ауаға шығару керек – ауруханадан тыс жерде бұл оған бірден бір көмек болады. Әрі қарай стационар жағдайда оттегімен ингаляция жасау, жасанды тыныс алу жүргізіледі; организмнің зақымдалған органдарын қалпына келтіру құралдар пайдаланады.
Құрметті оқырмандар, сіздерге газ және басқа пештер мен жабдықтарды пайдалану кезінде адам өлімін алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерді сақтауды естеріңізге тағы да саламыз!