Бір қызығы, асықпай оқу барысында адам кітапта жазылған дүниенің 60 пайызын ғана қабылдай алады екен. Жылдам оқығанда, керісінше, туындының 80 пайызын түсінуге мүмкіндік туады. Жылдамдыққа сай ақпарат тез қабылданып, тез сіңетін көрінеді.
Зерттеушілер жылдам оқығаннан гөрі, асықпай оқығанда көздің тез талатынын анықтапты.
Қарапайым адам бір нүктеге қарағанда 10 әріптік белгіні көруі мүмкін, яғни көзінің көру аумағы бір мезетте 1-2 сөзді қамти алады. Ал жылдам оқитын адамның мүмкіндіктері жоғары. Ол бір зер салғанда 200-500 белгіні, яғни 33-83 сөзді бірақ көре алады екен.
Тарихта жылдам оқу қасиетімен есте қалған талай мықты тұлғалар бар. Мысалы, Наполеон Бонопарт. Ол өзінің қолбасшылығымен ғана емес, оқудағы жылдамдығымен де ерекшеленген. Ол минутына екі мың сөз оқитын болған.
Ал француздың атақты жазушысы Оноре де Бальзактың 200 беттен тұратын романды жарты сағатта оқып тастайтын қабілеті болған деседі. Ал Максим Горький болса минутына 4 мың сөз оқи алған.
© kazgazeta.kz