Дегенмен, жұмыс істеуге келгенде мынадай шарттарды ұстану қажет:
- Киім киюде және қарым-қатынаста шариғат шарттарын ұстану;
- Жұмыс істейтін жері ислам тыйым салған дүниелерден (мысалы: арақ сату) аулақ болуы;
- Мүмкіндегінше ер адамдардан бөлек жұмыс істеу;
- өзінің моральдық және физикалық денсаулығын сақтай алу;
- Әйелдің барлық уақытын алмайтын, отбасына көңіл бөлуге мүмкіндігі бар болуы тиіс.
"MuslimFashion" порталының хабарлауынша, мұсылмандар көбіне мынадай салаларда қызмет етеді.
1 орын: Мұғалім, тәрбиеші, оқытушы
2 орын: Дәрігер, медбике, стоматолог
3 орын: Шаштараз, стилист, косметолог
4 орын: Киім дизайнері, графикалық дизайнер, фотограф
5 орын: Есепші, заңгер
Осылайша, тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады.
Әлемде мұсылман елдерінің әскер қатарында әйелдер жасағы да бар. Әскерінде әйелдер қарасы көп ел Пәкістан болып табылады. Бұл елде әйелдер 1947 жылдан бері әскери қызметке тұру құқығына ие болған. Қазіргі уақытта аталған елде 5 мыңдай әйел әскер қатарында жүр.
Бангладеште әйелдер әскер қатарына тек 2013 жылдан бастап алына бастады. Ал Түркияда 19-шы ғасырдан бастап, әйелдер әскер жасағы құрылған болатын. Мәселен, 1877-78 жылдары орын алған орыс-түрік соғысында Азизинаны орыс фортынан азат еткен Нене Хатунға көптеген ескерткіш қойылған. Сондай-ақ, Ататүріктің асырап алған қызы Сабиха Гекчен жойғыш ұшақтың ұшқышы болды.
Әйтсе де, балаларға мейірім мен махаббатты сіңіретін, отбасының ұйытқысы болатын әйелдер үшін ерлер көтеретін қатал әскери өмірді таңдамағаны дұрыс.