Показать содержимое по тегу: палуан
Қазақстанда мәдениеттанушы көп. Алайда бір өзі бір институттың жұмысын атқарып, ең актуальды да тың салаларды қопара зерттеп, жоғалған дүниелерді мемлекеттен де, демеушілерден де еш қолдау көрмей өз өлермендігімен қазаққа қайта оралтып жүргендері аз. Бүгін біз «Ұлы даланың күш мәдениеті» ұғымын айналымға қосып, тыңнан түрен салған мәдениеттанушы Абылайхан Қалназаровпен болған интервьюді назарларыңызға ұсынамыз.
Шығыстық түркі сәулетінің символы ретінде көк күмбездер Самарқан мен Бұхарада жиі кездесетін болса, Хиуада бір ғана көк күмбез бар. Ол шартарапқа әйгілі және XIII-XIV ғасырларда жасаған әулие шайыр әрі алып Палуан (Пахлаван) Махмұттың қабірін безендіреді.
Әзелден қазақ пен қырғыздың Алатауды тең жайлағаны мәлім. Бүгін де қанаттасып, бір-біріне тілеулес те демеу болып отыр. Екі ұлттың үркіншілік кезеңдердегі өзара көмек тарихы қандай-ды! Әсіресе, қырғыздың қазаққа жанкүйерлігіне Қаралы қаңтар оқиғасында кеңінен куә болдық. Бірақ қазақтың жүрегінде қырғызға қатысты қашаннан жазылмай, бітпей, қанталап келе жатқан бір жарасы бар. Ол жараның әңгімесін қырғыз тақырыбы көтерілген жерде айтып өтуді әр қазақ өзіне міндет санап алғандай, ыңғайсызданатын тұс көп-ақ.
Жақында мәдениеттанушы-лингвист Абылайхан Қалназаровтың атақты балуан Қажымұқанның 150 жылдығына арналған «БАЛУАН ТАС. Балуандар мен күрес өнеріне байланысты аңыз-әфсаналар, қисса-дастандар, ел аузындағы әңгімелер (тарихи деректер)» атты екі томдық (408-408 беттен) кітабы жарық көрді. Онда қазақтың ұлттық жекпе-жек өнеріне қатысты тың деректер қамтылған. Орайы келгенде Абылайхан Мамырайханұлымен осы жайында аз-кем тілдескен едік, соны оқырмандардың назарына ұсынуды жөн көрдік.