Себебі, екеуіне де жаралы бала болып өмір сүру, қанағаттанбаған ата-бабаларының рөлін сомдаған ыңғайлы. Бірі – құрбандық, екіншісі – жендет. Бірі – сүмелек, екіншісі – ғажап. Жоғары тұрған адам, мәселен, ғажаптығын көрсететін жан, екіншісіне қарағанда қаттырақ жаралы. Бірақ бұл шындықты тіпті өзінен де жасырады. Оның стратегиясы: жан жарасын сезінбеу үшін өзгелерден өзін артық етіп көрсету. Өзгені құрбандық ете отырып өзімнің жарымжан екенімді жасырып қалам деп дәмету. Бұл стратегия серігіне дамуға жол бермеу керек деген шешіммен шегеленеді. Әйтпесе, серігі оның құлдығынан қашып кетеді. Есін жинап, шындықты көріп, азаттықтың есігі ашық екенін түсініп, қашып кетуі ықтимал.
Бірақ қалай болғанда да адам баласы даму баспалдағынан қашып құтыла алмайды. Кез келген адамның ой-өрісі дамуға пейілді. Сондықтан ақырында, жендет, жауыз рөліне енген адам «алтын тордағы» құрбандығының жан жүрегіндегі жаралы баласын сыртқа шығарып, бостандыққа жібере бастайды. Оны өзі де сезбей қалады.
Марк Ифраимов
Аударған: Шынар Әбілдә
©kazakhstanzaman.kz