Бақыт дегеніміз - жан мен тән үндестігі
21.02.2018, 09:15

Бақыт дегеніміз - жан мен тән үндестігі

Бақыт дегеніміз - жан мен тән үндестігі massaget.kz

Жан мәселесі көп уақыт бойы біздің елде жабық тақырып болып келгені баршаға мәлім. Яғни, кеңестік дәуірде тіпті, "құдай жоқ, жан деген жоқ, адамның тәні ғана болады" деген сияқты ұғымдармен, адам біткенді робот секілді бір стандартпен ойлауға мәжбүрледі.

Жанға қатысты процестердің бәрін И.П.Павловтың "Шартты және шартсыз рефлекстер" ілімі мен И.М.Сеченовтың "Жүйке әрекетінің екі сигналдық жүйесі теориясы" төңірегінде ғана қарастыру мүмкін болды. Ал, сол жантанушы маман иелері "психологтарды" даярлау ісінің өзі де өте тар шеңберде жүзеге асты. Көпке дейін психологқа жүгінетіндер тек "бір шаригі жетіспейтін" адамдар деген түсінік қалыптасты көпшілік арасында. Тек қазір ғана психологтың қажетті маман иесі екендігін сезіне бастағандаймыз. Онда да, көбінде "популярная психология" дейміз ғой, ол дегеніміз, ғылыми негізі жоқ, болжамға құрылған, бірақ ғылыми психология ретінде орын алуды қалайтын психологияның бір салалары. Бірақ адамзатқа, қоғамға қызмет еткен ғылымның бәрі жарамды. Әркім өз жүрегіне жақынын таңдап алуға құқығы бар. Десек те, эзотерика, фен-шуй, астрология, нумерология, тіпті мынау НЛП десек, ол да осы топта, трансперсоналды психология, айта берсек, өте көп. Оның бәрі де бізге шетелден келгені айтпаса да түсінікті.
Қазақ халқының көзқарасы туралы қай нәрсеге болсын жауап іздесек, ұлттық жауҺарларымыз, халық даналығы, құнды дүниелерімізден, әдебиетіміз бен мәдениетімізден жауап табатынымыз анық.
Яки, біздің ұлттық болмыс-бітіміміз бен менталитетімізге, мәдениетімізге қайшы нәрсенің бәрі біздің ұлтымызға да қарсы дер едім.
Жалғасы бар.

Авторы: Шолпан Кенжеева

©ak-kelin.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер