Шыт той - отбасы құрғаннан кейін бір жыл өткен соң атап өтіледі. Бұл күні ерлі-зайыптылар бір-біріне шыт орамал сыйлайды.
Ағаш той – отбасылық өмірдің бесжылдығына орай аталып өтіледі. Бұл күні ерлі-зайыптылар бір-біріне ағаштан жасалған бұйымдар сыйлайды.
Раушан той – онжылдық бас қосу мерекесі. Бұл күні достар қонаққа шақырылады, барлығы қолдарына раушан гүлдерін ұстап билейді.
Әйнек той – онбесжылдық той. Бұл күні сыйлық шыныдан істелген бұйымдар болуы шарт. Әйнек – ерлі-зайыптылар қарым-қатынасының мөлдірлігінің куәсі болмақ.
Фарфор той – отбасылық өмірдегі жиырма жылдан кейін атап өтіледі. Шақырыл-ған меймандарға тағамдар фарфордан жасалған жаңа ыдыстарға салынып тартылады.
Күміс той – жиырма бес жылдан кейін аталып өтіледі. Бұл күні некелік алтын сақинаның қасына күміс сақина қосылуы керек.
Інжу той – отыз жылдан кейінгі той. Бұл күні күйеуі әйеліне алқа сыйлауы керек, бұл өткен күндердің бәрінің де інжудей тартымды болғанының куәсі болмақ.
Кенеп той – отыз бес жылдан кейін тойланады. Бұл күні кенептен тігілген заттар сыйланып, кенеп дастарқан жайылады.
Лағыл той – қырық жыл өткеннен кейінгі мереке. Бұл күні сыйланған алтын сақинаға махаббат пен жалынның белгісі – лағыл орнатылған болуы шарт.
Алтын той – отбасылық өмірдің елу жылдық торқалы тойы. Мерекелік алтын сақиналар жаңа сақиналармен ауыстырылады.
Гауһар той – отасқанына алпыс жыл өткенде тойланады. Мұны атап өту – ендігі жерде бұл некені ешкім бұза алмайды деген ұғымға саяды.
Темір той – ерлі-зайыптылық өмірдің алпыс бес жылдығында өтеді.
Тас той – мұның бір ерекшелігі, неке қиылғанына алпыс жеті жарым жыл өткенде аталып өтіледі.
Игілікті той – жетпіс жыл өткенде тойланады.
Тәждік той – бұл ең соңғы той болып есептелмек, отбасылық өмірдің жетпіс бес жылы өткенде атап өтіледі.
Ұрын той күйеу баланың қалыңдығымен кездеуіне мүмкіндік туғызу үшін жасалады. Мұнда күйеу баладан: ентікпе, шатыр байғазысы, балдыз көрімдігі, қыз қашар, күйеу қашырар, желі тартар, ит ырылдар, бақан салар, үйге кірер, кемпір өлді, шымылдық ашар, төсек салар, қыз құшақтатар, шаш сипар, көрпе қимылдатар кәделері алынады. Қыз ұзату тойында құда-құдағидан, күйеу баладан: ат байлар, құдай жолы, шаңырақ көтерер, уық шаншар, туырлық жабар, түндік жабар, үзік жабар, бау-шу байлар, отау байғазысы тәрізді кәделер алынып, қыз бен жігіт ақ отауда оңаша кездеседі, некесі қиылады, түрлі ойын-сауық өткізіліп, «Жар-жар» айтылады, қыз аттанарда «сыңсу» айтылып, қыз ұзатылады. Келін түсіруде «Беташар» айтылады, той, негізінен, қыз ұзату тойымен бірдей өткізіледі.
Төсек тойы Келін төсегімен жүкті бол-ғанында оны астыртын бір абысынына жеткізіп, ол енесіне барып хабарлайды. Осы жақсы хабарды естіген ене әйелдердің басын қосып, еркектер араласпайтын төсек тойы деп аталатын ырымды жасап береді.
©kyzdaralemi.kz