Көздің мүйізгек қабығы – оттегіні қаннан емес, ауадан алады. Ал линзаны ұзақ уақыт таққан адамның көзіне оттегі жетіспейді. Мұның адамға тигізіп жатқан кері әсерін дәрігерден өзге ешкім анықтай алмайды. Дәрігерлердің өзі линзаның зиянын арнайы микроскоптың көмегімен ғана біле алады. Көздің мүйізгек қабығына ауа жетіспегендіктен, адам ағзасы өздігімен күресе бастайды. Нәтижесінде, көздің мүйізгек қабығында қан тамырлары пайда болады.
Бұл тамырлар адамның көру қабілетін бірте-бірте төмендетеді. Сондықтан, көз жанарыңыздан айырылып қалғыңыз келмесе, линзаны күніне 8 сағаттан артық тақпаңыз.Дегенмен,қауіпсіздік шарасы ретінде бірнеше кеңесті ұсынуды жөн көрдік:
*Линза сатып алған кезде оны сақтайтын арнайы сұйықтықты қоса алуды ұмытпаңыз.Линзаны жай суда,тіпті тазартылған суда да сақтауға болмайды.Оны тек арнайы сұйықтықта сақтайды.
*Контактылы линзаны ұстамас бұрын қолды иіссіз,бактерияға қарсы сабынмен жақсылап жуу керек.Онан соң қолды таза сулықпен құрғатып,линзаны ұстай бересіз.
*Шашқа лак сепкенде немесе басқа да спрейлер шашқанда линзалы көзіңізді жұмып себіңіз.
*Линзаны макияжды енді бастағанда тағып, макияжды тазалаудан бұрын алып тастаңыз.
*Көзді демалдыру үшін контактылы линзаны көзілдірікпен алмастырып тағыңыз.
*Линзаны моншада,саунада немесе ванна қабылдаған уақытта қолданбаңыз.
©kenester.kz