Кейін 100 миллиардтан аса галактикалардың бар екені анықталды. Жалғыз Құс жолының өзінде ғана Күн сияқты 100 миллиардтан астам жұлдыздар бар.
Біздің ғаламшарымыз Жер Күнге тәуелді. Ал Жер Күн жүйесіндегі 8 планетаны серіктерімен қоса өзіне қарай тартып тұр. Осы 8 планетаның ортасында тұрған Күн бір орында тұрмай, Құс жолы галактикасын айналып жүр. Құс жолы галактикасының ішінде Күн және Күн жүйесіндегі барлық планеталар елеусіз бір нүкте болып қалады. Күн галактиканың ішінде қалыңдығы 1 миллиметр, көлденеңі 80 метр және ұзындығы 10 метр жағалаудағы құмның жалғыз бір данасындай ғана. Көзімізге өте үлкен болып көрінетін Жеріміз болса Күннен 1 миллион есе кіші.
Енді математикаға кезек берелік.
Сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүретін көлікпен Күнге 170 жылда жетуге болады екен. Себебі Жер мен Күннің орташа қашықтығы 149 миллион шақырымды құрайды.
Ал Құс жолының ішіндегі Күнге ең жақын жұлдыз Альфаға сол көлікпен 3 740 000 жылда жетуге болады екен. Осыған қарап енді қалған жұлдыздардың арақашықтығы қандай алыс екенін байқауға болады.
Дереккөз: kazgazeta.kz