Алғашқы болып сөз алған саяси шолушы және «Астрахань-24» телеарнасының бас редакторы Александр Васильев, өткен жыл маңызды саяси оқиғаларға толы болғанын, ақпараттық кеңістікте талқыланған өзекті тақырыптар сарапшылар тарапынан да назардан тыс қалмағандығын атап өтті.
«Өткен жылдың өзінде біз медиа қоғамдастық пен сарапшылар арасында тығыз қарым-қатынас орнату бойынша біраз жұмыстар атқардық. Бұл бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, журналистер қауымын өзекті мәселелерге деген назарын аударта аламыз деп үміттенемін. Әлбетте, бұқаралық ақпарат құралдары үшін алдымен сарапшылар қоғамдастығы күн тәртібінде тұрған өткір тақырыптарды қозғап қана қоймай, өздерінің ойын еркін жеткізуе алуы тиіс. Өкінішке орай, бүгінде олай болмай тұрғандығын мойындауымыз қажет. Яғни, бұл жерде біздің де кемшілігіміз жоқ емес. Бұдан басқа, баспасөз бірқатар мәселені талқылауға асығар емес, соның ішінде, мәдениаралық қарым-қатынас, мемлекеттер арасындағы кросс-мәдени өзара іс-қимылы».
Клубтың перспективалық бағыты ретінде Александр Васильев Каспий аймағының бейнесін (имиджін) атап өтті, әсіресе аймақтарда лаңкестік қауіптің барын ескерген ол, бірқатар бағыттар бойынша өзара байланысты нығайта түсу қажеттігін атап өтті. Бұл ретте коммерциялық коммуникацияның дамуы, инфрақұрылым, бизнес, экологиялық фактордың алдын-алу, Каспий маңындағы мемлекеттер арасындағы әскери ынтымақтастықты жандандыру қажеттігі айтылды.
Ал саясаттанушы Эдуард Захарьяштың пікірінше, клубтың жұмысында негізгі басым-бағыт Каспий елдері аумағында қоғамдық-саяси үдерісіне зерттеу жүргізу бойынша басымдық берілген. Бұған қоса қоғамдық процесс, халықтық дипломатия, беймемлекеттік акторлардың аймақтағы саяси үдерістерге ықпал ету дәрежесіне мән берілуі тиіс.
Сондай-ақ, сарапшы қазіргі заманғы жаһандық саяси және экономикалық процестердің көп бағытты сипатын, түрлі бағыттарын атап өтті. «Бұл мәселелерді де айналып өтуге болмайды: Каспий аймағы әлемдік геосаясатқа тәуелді. Біз жаһандық процестерге қалай кіреміз? Сарапшы үміт күттіретін тақырып ретінде Каспий аймағының қауіпсіздік мәселелерін, ұлттық әскери-әуе күштері мемлекеттерінің мүдделерін ғана емес, жалпы өңірді қорғаудағы рөлі мен орнын да қарастыру қажет. Мұндай өзекті мәселелер көп, жан-жақтың пікірі маңызды, сондықтан да пікірсайысқа қатысушылар құрамын көбейту керек. Бұл бірқатар мәселелер бойынша біздің әлі де болса пікірімізді арттыруға мүмкіндік береді».
Әріптестерінің ұсынысын бірауыздан қолдағандардың бірі – саясаттанушы Эдуард Захарьяштың ұсыныстары кейінірек барлық пікірталастың негізгі тақырыбына айналды деуге болады: Каспий клубының тиімділігін арттыру, өңірлік сарапшылар қауымдастығының қызметін қалай жандандыруға болады? Жұмыстың нәтижелерін массаға, мемлекеттік құрылымдарға қалай өзгерту керек? Клуб жұмысының нәтижелерін саяси элиталарға, жұртшылыққа жеткізу тетігі қандай болуы керек? Осы және басқа да сұрақтарға сарапшылар жауап іздемек.
Астрахань облысының халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің ақпараттық-талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бастығы Илья Торопицын, Клубтың өткен жылғы атқарылған жұмысына жоғары баға беріп, Каспий сарапшылар клубының қызметіне Астрахань облысының губернаторы және өңірдегі билік өкілдері де әлдеқашан назар аударғандығын атап өтті. Оған мысал ретінде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Каспий елдерімен гумманитарлық және экономикалық әріптестік байланысты нығайту сұрақтары жөніндегі арнайы өкілі Рамазан Абдулатиповтың төрағалығымен өткен жабық жұмыс отырысына «Каспий-Евразия» орталығы мүшелерінің қатыстырылғандығын айтуға болады.
Іс-шара барысында, Астрахань облысының губернаторы Александр Жилкин, орталықтың жұмысын атап өткен.
«Өзара әрекеттесу шеңберін кеңейте отырып, Клуб тек Каспий теңізі арқылы шектесіп жатқан көршілерімізге қызығушылық тудыратын мәселелерді талқылау үшін біз тек ғана емес, сонымен бірге әріптестерімізге де қызықты мәселелердің палитрасын кеңейтуі керек. Сонымен қатар, күн тәртібінде түрлі мәселелер көтерілуі мүмкін. Бұл ретте әр мемлекет тек өз позициясын білдіріп қана қоймай, кез-келген түйткілді проблемада ортақ келісімге келіп, тиісті шешім қабылдауға мүдделі екендігін білдірген жағдайға ғана ортақ келісімге келуге болады», - деп қорытындылады өз сөзін Илья Торопицын.
Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Лидия Пархомчик, өкінішке орай, бүгінгі күні сарапшылар қауымдастығы бұқаралық ақпарат құралдарына күн тәртібін белгілей алатын деңгейге жетпегендігін тілге тиек етті. «Каспийде орын алып жатқан түрлі оқиғалардың маңыздылығы көп жағдайда масс-медиа өкілдерін айналып өтуде, яғни белгілі бір тақырыпта журналистер қауымы ақпаратпен толыққанды қамтылмай отырған тұстары жоқ емес. Жалпы Каспий елдерін тек саяси және экономикалық ғана емес, басқа да байланыстыр жетіп жатыр».
Сарапшы, Каспий маңы елдерінің сараптамалық әрекеттері туралы айта отырып, аймақтың барлық елдерін осымен байланыстыру қажет екенін еске салды. «Ресей мен Қазақстан өздерінің көзқарастарын әлдеқашан анықтады. Ал біздің оңтүстік көршілеріміз болса Каспий мәселесін түсінуге әр түрлі көзқараста екендігі жасырын емес. Мұны есту және түсіну біз үшін өте маңызды. Тек осылай ғана Каспий аймағының барлық мүшелерінің өзара әрекеттесуін насихаттау үшін қандай және қалай қажет екенін біле аламыз».
Лидия Пархомчик перспективалы тақырыптар ретінде көлік коммуникациялары, Каспий маңы елдерінің порт инфрақұрылымын дамыту үрдістерін атап өтті. Клубтың тиімділігін арттыру механизмі ретінде талқылаулардың нәтижелері мақалаға, баяндамаларға, түсініктемелерге және нақты эмпирикалық ақпаратқа жазылуға кеңес берді. «Әлем Еуразия» қоғамдық қорының жетекшісі Эдуард Полетаев, Астрахань өз әріптестерімен шекаралас аудандармен ғана емес, Каспий маңы елдерімен де өзара әрекеттесудің белгілі бір деңгейіне енетінін мәлімдеді. Бұл бастамалар - клуб жұмысының оң нәтижесі деуге толық негіз бар. «Келіссөздер аясында талқыланатын және болашақта талқылануы тиіс перспективалы бағыттардың бірі, Каспий маңы елдерінің туристік әлеуеті».
Саясаттанушы Замир Каражановтың ойынша, Каспий проблемаларын талқылау кезінде қолданбалы сипаттағы мәселелер және теориялық сұрақтар бар екенін ескеру қажет. «Бұл жағдайда қолданбалы зерттеулер негіз болуға тиіс. Сарапшылар қауымдастығының жұмысындағы тағы бір мәселе - облыстың саяси элиталарының көптеген шешімдері тысқары қабылданады, ал зерттеушілерге көп жағдайда шынайы ақпарат жетпей жатады. Ол үшін Замир Қаражанов сарапшылар қауымдастығына арнап ілеуметтік желілерде пікірталас және өзекті сұрақтар талқылануы үшін арнайы «ресурс» ашуды ұсынды.
ҚР Журналистер Одағының мүшесі Нұрбол Оқуов, Каспий мәселелеріне назар аудару үшін клуб мүшелерін блогерлер және журналистермен тұрақты түрде кездесулер ұйымдастырып отыру қажет деген ұсынысын білдірді.
Астрахань мемлекеттік техникалық университеті халықаралық бөлімінің меңгерушісі Евгения Юкина, аймақ елдерінің сарапшылар қауымдастығының ынтымақтастығының перспективалық нысандарының бірі ретінде жастар пікірталастарын ұйымдастыруды қарастыру қажет екендігін сөз етті. Ол үшін Каспий теңізі елдерінің университеттер қауымдастығын Клуб жұмысына тартуды ұсынды.
Ресей халықтарының жастар ассамблеясының Астрахань филиалының жетекшісі, этносаралық журналистика гильдиясының мүшесі Азамат Аминов болса, Клуб мүшелерінің сараптамалық құрамын кеңейту туралы әріптестерінің позициясын бірауыздан қолдады.
«Біздің көршілеріміз, яғни Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан елдерімен қарым-қатынасымыз біздің аймақтарымызға да әсер ететінін ұмытпауымыз керек. Мүмкін, мұндай кездесулерді жоғарыда аталған мемлекеттердің де сарапшыларымен кездесулер ұйымдастырып, олардың да пікірін білгеніміз артық етпес», - деп ойлаймын деді ол.
Пікірсайыс қорытындысы бойынша сарапшылар Клубтың жұмысын қорытындылап, 2018 жылға арналған жаңа жұмыс жоспарын құрды. Ал клуб қызметінің тиімділігін арттырудың маңызды шарты ретінде қатысушылар, соның ішінде бірлестіктер мен іскерлік өкілдерін өзекті мәселелерді бірлесіп талқылау үшін, түрлі қауымдастықтар және кәсіпкерлерді Клуб жұмысына тарту қажет деген ұсынысты бірауыздан қолдады.
Кәмшат Ізбасарова
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы