Талдықорғанда қылмысын жасырған ұшқыш ақыры сотталды
15.01.2018, 23:52

Талдықорғанда қылмысын жасырған ұшқыш ақыры сотталды

Талдықорғанда қылмысын жасырған ұшқыш ақыры сотталды stan.kz

Өтірік өрге баспады. Осыдан екі жыл бұрын апатқа ұшыраған Су-27 ұшағының штурманы төрт жылға сотталды. О баста қозғалтқыш істен шығып, амалдың жоқтығынан секіріп кеттім деген Әділбек Ысқақовтың өзі осы жайтқа айыпты деп танылды. Жанармайдың бар-жоғын тексермеген ұшқыштың «ұшқалақтығы» ұзақ тергеу мен зерттеуден кейін дәлелденген, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қарақан басының емес, халықтың қамын ойлап ұшақты қауіпсіз жерге құлаттым деген Әділбектің әрекетіне сол кездерде көпшілік сүйсінген де еді. Қозғалтқыш істен шығып, 800 метр биіктіктен секірген Ысқақов аман қалып, отбасына оралғасын болған жайды тебірене баяндады да.

«Түнгі оқу-жаттығу жұмыстарын аяқтап, Талдықорған аэродромына қонуға бет алғанда ұшақтан ақау шықты. Көп ойланбастан айналасы 30-40 секунд ішінде әуе техникасын ауыл-аймақтан алшақтау жерге бағыттап, өзім секіріп кеттім. Өйткені, ең алдымен халықты ойладым. Оларға қайғы әкелгім келмеді», – дейді 21751 әскери бөлімшесінің ұшқышы Әділбек Ысқақов.

Мамандар сол күні Су-27 бағытын өзгертпегенде Еңбек, Мойнақ ауылдарының үстіне құлайтын еді деп шұғыл шешім қабылдаған әріптестерінің әрекетін ерлікке де балады. Ұшаққа құйылған сапасыз жанармай жарға жықты деген болжамдар да айтылды. Бірақ, шынтуайтында ол ұшақта жеткілікті керосиннің болмағаны тергеу барысында анықталды. Қас-қағым сәтте қатермен беттескен ұшқыш байланысқа шыққан орталыққа жалған ақпарат берген екен.

«Шындықты айтпай қате ақпарат берген. Аталған ұшқыштың бұл әрекеттері ұшудың күрделі әрекеттерін тудырған. Қылмыстық істің қаралу қорытындысы бойынша сотпен ҚР Қорғаныс министрлігінің қылмыстық құқық бұзушылық туралы қылмыстық іс қозғау себептерімен жеке қаулы шығарды. Аталған үкім бүгінгі күні әлі күшіне енген жоқ», – дейді Талдықорған гарнизонының әскери сотының төрағасы Ринат Ақпар.

Осылайша, ұшқыш өз салақтығынан опық жеді. Қылмыстық кодекстің 464 бабы бойынша төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан былай көкке қалықтауына жол кесіліп, «қанаты» қайырылды.

Айта кетейік, Су-27 ұшағы 2016 жылдың желтоқсан айында Талдықорғаннан 25 шақырым жерде құлаған-ды. Дәл осындай апат 2014 жылы Алматы облысында болды. Ол кезде де ұшқыш Ерлан Науанов пен Денис Горбунов ұшақты елді мекеннен алыстау жерге алып кетті. Бірақ, өздері ажал құшқан болатын.

Дереккөз: stan.kz

стандық студенттердің жаңалықтары кәдеге жарап келеді. Олар – экология мен қоршаған ортаны қорғауға және қоғамдық көліктің қызметін жақсартуға бағытталған жобалар. Сонымен қатар балабақша мен мектепте жүрген балаларды қашықтан қадағалап отыратын смарт-жүйелерге де сұраныс артып келеді. Алдағы уақытта өнеркәсіптік және тұрмыстық робототехниканы дамыту жоспарланып отыр. Ал оны жүзеге асыру үшін жаңа деңгейдегі мамандар дайындау қажет. Дамир Шыныбеков, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры: - Тікелей бізге тапсырма берілд

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/216067-zhoo-tsifrly-tekhnologiyalardy-engizuge-atsalysady
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz стандық студенттердің жаңалықтары кәдеге жарап келеді. Олар – экология мен қоршаған ортаны қорғауға және қоғамдық көліктің қызметін жақсартуға бағытталған жобалар. Сонымен қатар балабақша мен мектепте жүрген балаларды қашықтан қадағалап отыратын смарт-жүйелерге де сұраныс артып келеді. Алдағы уақытта өнеркәсіптік және тұрмыстық робототехниканы дамыту жоспарланып отыр. Ал оны жүзеге асыру үшін жаңа деңгейдегі мамандар дайындау қажет. Дамир Шыныбеков, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры: - Тікелей бізге тапсырма берілд

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/216067-zhoo-tsifrly-tekhnologiyalardy-engizuge-atsalysady
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер