Жиынға Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, Мәжіліс депутаттары мен аймақ өкілдері онлайн арқылы қатысты. Мәжіліс депутаты, партиялық куратор Зәуреш Аманжолова комиссияның отырысын жүргізіп отырды. Зәуреш Жұманәліқызының айтуынша, азаматтардың денсаулығы – партияның басты назарында. Сондықтан жиынның маңызы ерекше екенін атап өтті.
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында денсаулық саласына ерекше мән берілген болатын. Аталған Жолдауда тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап, осы саланы амбулаториялық емдеу арқылы басқаруға көшу қажеттігін белгілеп, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеуді тапсырды. Бүгін біз Елбасының партия алдына міндет етіп тапсырған мәселесіне назар аударып, талқылайтын боламыз, – деді ол.
Ләззат Мейрашқызы демографиялық үрдістер халықтың денсаулық сақтау қызметтеріне деген сұранысын арттыратынын атап өтті. Мәселен, қазіргі таңда еліміздегі азаматтардың өмір сүру ұзақтығы 72,4 жасты құрайды. Сондай-ақ министр тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККБК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) туралы жан-жақты баяндады.
– ТМККБК – бұл төтенше және шұғыл жағдайларға, сондай-ақ барлық азаматтар үшін маңызды ауруларды бақылауға бағытталған ең төменгі әлеуметтік стандарт. Бұл пакет азаматтардың барлық санаттарының БМСК-ға тең қол жетімділігін қамтиды: шұғыл медициналық араласуды талап ететін төтенше жағдайлардағы медициналық көмекті, әлеуметтік маңызды ауруларды диагностикалау және емдеу, БМСК деңгейінде басқарылатын негізгі созылмалы инфекциялық емес аурулар, басқаларға қауіпті өткір жұқпалы аурулар. Ал МӘМС бұл әрбір адамның өмір сапасын жақсарту үшін медициналық көмекке кепілдік беретін, сондай-ақ болашақ ұрпақтың денсаулығының негізін қалайтын сақтандырылған азаматтарға арналған жүйе. Бұл пакет қымбат зертханалық және диагностикалық қызметтерді қамтиды: ТМККБК қамтылмаған ауруларға арналған амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, стационарлықты алмастыратын медициналық көмекке кең қолжетімділік, ТМККБК басқа жоспарлы стационарлық көмек, қалпына келтіруге арналған емдеу және медициналық оңалту, – дейді министр.
Ләззат Мейрашқызының айтуынша, Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесінің дамуы қымбат стационарлық емделуге емес, аурулардың алдын алуға бағытталуы керек. Осыған байланысты, қоғамдық денсаулықты басқаруды күшейту мен салауатты өмір салтын насихаттау қажет. Қазақстан Мәжіліс депутаты, комиссия мүшесі Наринэ Гамлетқызы профильді министрлік жағынан ауқымды дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр деп атап өтті.
– Сонымен қатар Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесінің дамуы қымбат стационарлық емделуге емес, аурулардың алдын алуға бағытталуы керек. Осыған байланысты денсаулықты басқаруды күшейту мен салауатты өмір салтын насихаттау қажет. Жастардың репродукциялық денсаулығын қорғауға және нығайтуға айрықша назар аудару керек. Мемлекет үшін аз тиімді және шығынды диспансерлеуден негiзгі созылмалы ауруларды қашықтан диагностика жасау, сондай-ақ амбулаториялық емдеуді басқаруға көшу қажет, – деді ол.
Жиын барысында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары, өңірлермен ТМККБК жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ азаматтар өздерін толғандырып жүрген сұрақ қойып, министрлік өкілінен тұшымды жауап алды.
Дереккөз: aikyn.kz