Ол Қазақстан әдебиетінің орталығы болып отыр. Тәуелсіздік мерекесіне орай Қазақстан Ұлттық академиялық кітапханасы Қытай ұлттық кітапхана қорына қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдерінде жазылған көркем, ғылыми, әдеби тақырыптар қамтылған 100-ден астам кітап тапсырды. Оның ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қытайшаға аударылған еңбектері де бар. «Әдеби туындылармен алмасу ел-жұрттың өзара түсіністігін арттырады. Әлемдегі үздік 30 кітапхананың бірі саналатын Қытай ұлттық кітапханасында қазақ әдебиетінің орталығын ашу – қазақ-қытай арақатынасының ерекше көрінісі», - дейді қоғам қайраткері Үмітхан Мұңалбаева.
Үмітхан Мұңалбаева, ҚР Ұлттық академиялық кітапхана басшысы:
- Қазақстандықтарға, ел-жұртқа біздің әдебиет пен мәдениетті насихаттау мақсатында және де осы Елбасының салиқалы саясатының арқасында болып жатқан осындай екі ел арасындағы қарым-қатынас нығаюы үшін осындай орталық аштық. Оның ішінде біраз Елбасының кітаптары келді. Жібек жолында біздің ата-бабамыз тарихымен ұрпаққа деген ұлағатты ізін қалдырған.