Ассамблеяның мультимедиялық порталының таныстырылымы өтті
02.03.2018, 15:33

Ассамблеяның мультимедиялық порталының таныстырылымы өтті

Ассамблеяның мультимедиялық порталының таныстырылымы өтті ic24.kz

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының мультимедиялық порталының таныстырылымын өткізді, деп хабарлайды silteme.kz АА.

Алғыс айту күніне арналған салтанатты жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА), жаңа мультимедиялық порталының таныстырылымы өтті. Портал Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Қазконтент» АҚ тарапынан жасалған.

Интернет-ресурс www.assembly.kz негізінде жасалып, жаңа заманауи платформаға қосылып, мемлекетіміздің ресми сайттарымен байланыстырылған. Ол Ассамблеяның ресми веб-ресурсы маңызын сақтап қалған. Сонымен қатар, сайттың негізгі тараптары жаңаланып, замануи стандарттарға сәйкестендірілген.

Порталмен «3 скрол - 3 басу» арқылы жұмыс жасау мүмкіндігі ашылған, бұл әдіс порталды қолдануды едәуір қолайландырады.

Сонымен қатар сайтта көптеген медиа-жобалар, виртуалды саяхат, интерактивті инфографика тағы басқалар жинақталатын болады. Көптеген этномәдени орталықтардың сұранымы мен кеңесулердің нәтижесінде Министрлік порталда әр этномәдени орталық үшін арнайы бөлім ашты, әр орталық өздерінің жаңалықтарын, тарихы, салт-дәстүрі, музыкасы және басқа да ақпараттарын өз бетінше жариялауға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, онлайн-трансляция мүмкіндігі де қарастырылған, ол өз кезегінде еліміздің барлық аумақтарныан тікелей қосылым жасап, ҚХА іс-шараларын онлайн түрде көрсетуге, Бейбітшілік және келісім сарайының ішінде, аумақтардағы Достық үйлерінің ішінде және Қазақстанның қасиетті жерлеріне 3D-саяхат жасауға мүмкіндік береді. Сайтқа Қазақстан халқының мультимедиялық картасы да қосылған.

Таныстырылым барысында жиынға қатысушылар Батыс-Қазақстан облысының тұрғындарымен виеоконференцбайланыс арқылы көрісуге мүмкіндік алды.

Портал жұмысын «Қазконтент» АҚ, Ассамблея хатшылығы мен филиалдары және «Қоғамдық келісім» РММ-мен бірлесе отырып қамтамасыз ететін болады.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер