Apple компаниясының YouTube-тегі ресми каналында жаңа құрылғының ерекшеліктері суреттелген екі минуттық жарнама ролигі жарияланды. Видеоны 300 мыңнан аса адам көріп шыққан.
Компания өнімінің дизайны көз тартады: жұмырланған корпусы шыны мен алюминийден жасалған. Бұған қоса, жаңа телефондарда екі стереодинамика мен IP67 стандарты бойынша су өткізбейтін қорғаныш болады.
Сондай-ақ бұл смартфондарға құлаққап Lightning порты арқылы қосылады. Бұдан бөлек, презентацияда AirPods сымсыз құлаққаптары таныстырылды.
Apple компаниясының жаңа өнімі төрт түске ие: қара, қызғылт, сұр және алтын түстес.