Бақытжан Сағынтаев ауыл шаруашылығы министрлігінің ұжымына жаңа министрді таныстырды
16.12.2017, 23:57

Бақытжан Сағынтаев ауыл шаруашылығы министрлігінің ұжымына жаңа министрді таныстырды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР АШМ ұжымына ауыл шаруашылығы жаңа министрі — Өмірзақ Шөкеевті таныстырды, деп хабарлады primeminister.kz.

 «Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды», — деп мәлімдеді Премьер-Министр.

Бақытжан Сағынтаев Асқар Мырзахметовке бірлесіп атқарған нәтижелі жұмысы үшін алғыс білдіріп, еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

«Министрліктің алдында Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру секілді өте маңызды міндеттер тұр», — деді Премьер-Министр Өмірзақ Шөкеевті таныстыра отырып. — Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында аграрлық сектор экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналуы тиіс екенін айтып өтті. Президен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, түсімді арттыру, еңбек өнімділігін ұлғайту және саланың экспорттық мүмкіндіктерін дамытуды қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды тапсырды. Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыс қарқынын күшейтіп, жеделдетуі керек. Негізгі басымдық — жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнім өндіру».

Б. Сағынтаев жаңа министрге және министрлік ұжымына табыс тілеп, алға қойылған міндеттерді іске асыруға белсене араласып, барынша күш жұмылдыру қажеттігін айтты.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер