Бүгін «Астана» Швейцарияның «Янг Бойз» клубымен кездеседі
29.09.2016, 12:30

Бүгін «Астана» Швейцарияның «Янг Бойз» клубымен кездеседі

Бүгін футболдан Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында елорда төрінде ел чемпионы «Астана» мен Швейцарияның «Янг Бойз» командасы кездеседі, деп хабарлайды bnews.kz.

Бұл матч Астана уақытымен 21:00-де басталады. Кездесуді «Оң ТВ» арнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Кеше екі команда ойыншылары ашық жаттығу жиындарын өткізген болатын. «Астана» сапынан бұл матчқа тек Агим Ибраими ғана қатыса алмайды. Ал қорғаушы Юрий Логвиненконың жарақаты жазылған. оның алаңға қанша минутқа  шыға алатынындығын бас бапкер оның физикалық дайындығына байланысты деп отыр.

Айта кетейік, «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңінде В тобына түскен еді.  Бұл топта «Астана» мен «Янг Бойздан» бөлек, Грекияның «Олимпиакос» және Кипрдің АПОЭЛ командалары бар.

«Астана» бапкері алаңға бірінші кезеңде мына ойыншыларды шығаруы мүмкін: Ненад Эрич, Дмитрий Шомко, Марин Аничич, Игорь Шитов, Абзал Бейсебеков, Рохер Каньяс, Неманья Максимович, Патрик Твумаси, Серікжан Мұжықов, Азат Нұрғалиев, Джуниор Кабананга.

Ал "Янг Бойз" клубының бас бапкері Адольф Хюттер: "Қазақстанға тек  жеңеміз деп келдік",- дейді.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер