Назарбаев Бағдат Мусинді қызметінен босатты
12.05.2018, 11:59

Назарбаев Бағдат Мусинді қызметінен босатты

Бағдат Мусин ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының Өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.

Оның орнына ҚР Президенті Қайрат Төлегенұлын тағайындады. 

"Мемлекет басшысының Өкімімен Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", – делінген хабарламада. 

Бағдат Мусин 2004 жылы Сүлеймен Демирел атындағы университет пен Алматыдағы Құқықтану және халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ында бас инженер-программист қызметінен бастаған.

2007-2010 жылдары – Әділет министрлігінде лауазымды қызметтерде болды, атап айтқанда ҚР Әділет министрінің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі және ҚР Әділет министрлігінің ақпаратық технологиялар басқармасының бастығы лауазымдарында қызмет етті.

2012-2014 жылдары – Байланыс және ақпарат министрлігі Көлік және коммуникация министрлігімен біріктіргеннен кейін, клиенттік сервистің заманауи үрдістерін енгізу арқылы жаңғыртумен айналыса отырып, 2012 жылдың наурыз айында Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

2014 жылдың сәуір-тамыз айлары аралығында "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы лауазымында қызмет атқарды. 2014 жылдың сәуір айынан бастап – "Қазпошта" АҚ басқармасының төрағасы болды.

2017 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Үйленген, төрт баланың әкесі.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер