Берік Арын Еуропалық парламент делегациясының өкілдерімен кездесті
12.05.2018, 08:44

Берік Арын Еуропалық парламент делегациясының өкілдерімен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын «Қазақстан Республикасы-Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің тең төрағасы Ивета Григуле бастаған Еуропалық парламенттің делегациясымен кездесу өткізді, деп хабарлайды silteme.kz AA.

Кездесуге сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігі және Люксембургтег Төтенше және Өкілетті Елшісі,  Қазақстан Республикасының  ЕО және НАТО Өкілдігінің басшысы Алмаз Хамзаев, Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаев, Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Әлия Ғалымова, Жастар саясаты департаментінің директоры Асхат Оралов қатысты.  

Берік Арын Еуропалық парламент депутаттарын Еуропа күнімен құттықтап, оларды Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің діни саланы реттеу, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының тиімді үлгісін қалыптастыру және мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі қызметімен таныстырды. Сондай-ақ, вице-министр Еуропарламент депутаттарының сұрақтарына жауап берді.

Атап айтқанда, еуропалық парламентшілер Қазақстанда азаматтық қоғам институттарының даму ерекшеліктеріне, діни экстремизмге қарсы әрекет ету тәжірибесіне, ҮЕҰ-дың қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына қызығушылық танытты. Өз кезегінде депутаттар ЕО елдерінің салық салу саласындағы үкіметтік емес ұйымдарға қолайлы жағдай жасаудағы тәжірибесі туралы айтып берді.

Кездесу қорытындысы бойынша конфессияаралық үнқатысуды қамтамасыз ету, діни экстремизмге қарсы әрекет ету және азаматтық қоғам институттарын дамыту шеңберінде Қазақстан мен Еуропалық Парламент арасындағы белсенді ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың сыртқы саяси және қауіпсіздік мәселелері талқыланған «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің 15-ші отырысы өткен болатын.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер