Путин әлемдегі ықпалды адамдардың тізімінен шығып қалды
21.04.2018, 09:48

Путин әлемдегі ықпалды адамдардың тізімінен шығып қалды

 Халықаралық Time журналы соңғы 5 жылда бірінші рет Ресей президенті Владимир Путинді әлемнің ең ықпалды адамдарының тізімінен шығарды. 

Өткен төрт жылда Путин «көшбасшы» деген категорияда болған. Ол жерге әлемге танымал саясатшылар мен бизнесмендер енеді. Ал 2018 жылы жарияланған рейтингте Путин тіпті «әртіс» , «кумир» деген категориялардан да табылмады.

Ал 2018 жылғы Time журналының рейтингінде АҚШ президенті Дональд Трамп, Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын, Қытай көшбасшысы Си Цзиньпинь, арнайы прокурор, Ресейдің Америкадағы сайлауға қатысы бар-жоғын зерттеген Роберт Мюллер, британиялық ханзада Гарри және оның қалыңдығы Меган Маркл, Сауд Арабияның мұрагер ханзадасы Мохаммед бар.

Айта кетейік, 2007 жылы халықаралық Time  журналы Путинді жыл адамы деп атаған болатын.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер