Нумерологтың 2018 жылға болжамы: Қазақстанды ең жайлы планета Юпитер жебейді
03.01.2018, 10:02

Нумерологтың 2018 жылға болжамы: Қазақстанды ең жайлы планета Юпитер жебейді

2018 жыл қазақстандықтар үшін табысты жыл болмақ

Нақты цифр негізінде болжам жасап танылып жүрген белгілі нумеролог Анар Аман Sputnik Қазақстан порталы тілшісіне айтқан жорамалында 2018 жылдың еліміз үшін табысты жыл болатынын хабарлады, деп жазады silteme.kz АА.

 

"Таяудағы бес жылда Қазақстанның өзге елдермен серіктестік қарым-қатынасы өте жоғары деңгейде. Алдағы 4-5 жылда еліміз қандай да бір жобаларда, жаһандық мақсаттарда әлемдік жетекші мемлекеттердің қолдауына ие болады. Әзірге мен, нумеролог ретінде, теріс ритм, мәселен келіспеушілік, дау-жанжал, тоқырау байқап тұрған жоқпын. Қазақстанда төрт-бес жыл қатарынан оң ритм. Бұл өте сирек кездесетін жағдай. Яғни серіктестік те жоғары, сырттан да қолдау бар, табыс та молаяды.  Ал валюта нарығында, я да тағы басқа оқиғалар бұл, әрине, табиғи нәрсе, ондай болып тұрады. Жалпы 2018 жыл қазақстандықтар үшін табысты жыл болмақ. Отандастарымыздың әл-ауқаты артып, тұрмысы жақсара түседі. Биылғыдан да жақсы өмір сүретін болады", — деген нумеролог.   Оның айтуынша, әлемдегі жағымды-жағымсыз оқиғалар Қазақстанды да айналып өтпейді. Десек те еліміз кез келген тосқауылға төтеп беретін әлеуетке де, ресурсқа да ие.   "Біз мына тұтас әлемнің бір бөлшегіміз, сондықтан жаһандық оқиғалардан тыс қала алмайтынымыз түсінікті. Бірақ, нумеролог ретінде айтар болсам, Қазақстан қуатты әлеуетке, ресурқа ие. Қазақстанды ең жайлы планета Юпитер жебейді. Юпитерді мол бақыттың ғаламшары, ең дана планета деп те атайды. Сондықтан бұл ғаламшардың қамқорлығы мен қолдауына ие ешбір ел жаман тұруы мүмкін емес. Тіпті әлемде қандай да бір табиғи апат, төтенше жағдай бола қалса, Юпитер бізге барлық ресурс пен мүмкіндікті береді", — деп атап өткен Аман. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер