Брифингте 2017 жылдың қорытындысы бойынша 2016 жылы енгізілген кәсіпорындардың есебінен жетекшілік ететін өңдеуші сектор салаларының кемінде 2 % тұтастай өсуі, түсті металл нарығындағы және темір-рудалы шикізаттағы әлемдік конъюнктураны жақсарту, болат, арматура, құбыр, рельстер, бастапқы алюминий, мыс, қорғасын өндірісінің, химия, фармацевтика өнеркәсібінің және өзге салалардың өнімдерін өндіруді арттыру, жаңа кәсіпорындарды іске қосу туралы сөз болды.
Мысалы тау-кен өндіру өнеркәсібінде әлемдік нарықтағы темір-руда шикізатына бағаның жақсаруы есебінен темір рудаларын өндіру көлемін арттыру жоспарланса, түсті металлургияда «Казцинк» ЖШС, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-де өндіріс көлемдерін ұлғайту биылғы міндет болып табылады екен.
Химия өнеркәсібінде «Казфосфат» ЖШС, «Ақтөбе хром жалғамалары зауыты» АҚ, «Каустик» АҚ-да өндіріс көлемдерін ұлғайтылмақшы. Автомобиль жасауда жаңа бағдарламаны іске қосу жоспарлануда, оның аясында ескі автокөлікті кәдеге жаратуға беру кезінде сертификат беріледі. Ол отандық өндірушілерден жеңілдікпен автокөлік сатып алу үшін зор мүмкіндік болмақ.
Қазақстанда электромобиль өндірісін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл автомобиль жасауда жаңа бағыт құруға мүмкіндік береді, - дейді ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанат Баитов.
Сонымен қатар брифингте теміржол машинасын жасау секторындағы ,жеңіл өнеркәсіпте, фармацевтика өнеркәсібінде атқарылатын жұмыстар жөнінде айтылды.