ОҚО салық түсімі бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын 103 пайызға асыра орындады
05.12.2017, 18:28

ОҚО салық түсімі бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын 103 пайызға асыра орындады

Оңтүстік Қазақстан облысы ағымдағы жылдың 10 айында салық түсімі бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын 103 пайызға орындады.  Белгіленген жоспар 245 млрд. теңге болса, бюджетке нақты 251 млрд. теңге өндірілген. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбеталиев мәлімдеді, деп хабарлайды silteme.kz.

Департамент басшысының айтуынша, мемлекеттік бюджет түсімдерінің өсу қарқыны 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда едәуір артып келеді.

«Республикалық бюджетке межеленген жоспар 151 млрд. теңге болса, ол 101 пайызға орындалып, 152 млрд. теңгені құрады. Ал, жергілікті бюджет бойынша, 94 млрд. теңге жоспарланса, нақты 99 млрд. теңге өндірілді. Нәтижесінде жоспар 106 пайызға орындалып, жергілікті бюджет қоржынына артығымен 5 млрд. теңгенің қаржысы түсті», - деді  Алтынсары Дүйсенбекұлы.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 216 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдері жұмыс атқарып келеді. Осы субъектілерден ағымдағы жылдың 10 айында мемлекеттік бюджетке 104,6 млрд. теңге көлемінде салық түскен.     

Елбасы тапсырмасына орай, облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан салықтық тексерулер саны 2017 жылы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 57 пайызға кеміген.  Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 10 айында кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жоспар 100 пайызға  орындалып, 51 млрд. теңгені құрап отыр.

Бұдан бөлек, облыстың сыртқы тауар айналымы ағымдағы жылдың осы кезеңінде 1 млрд. 438 млн. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде тауар экспорты 5 пайызға, ал тауар импорты 36 пайызға  көбейген.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер