«Тұмар» телевизиялық бәйгесіне қатысуға 2018 жылы 397 конкурстық өтінім қабылданды
14.03.2018ж.

«Тұмар» телевизиялық бәйгесіне қатысуға 2018 жылы 397 конкурстық өтінім қабылданды

«Тұмар» телевизиялық бәйгесіне қатысуға 2018 жылы 397 конкурстық өтінім қабылданды Хабар 24

«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің салтанатты марапаттау рәсімі 2018 жылдың 16 наурызында Қазмедиа орталығында өтеді. Биылғы жылғы салтанатты іс-шара Қазақ телевизиясының 60-жылдығына арналады. Тілшілер, телевизия қызметкерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері мен эстрада жұлдыздарына қоса салтанатты кешке қазақ телевизиясының ардагерлері де шақырылды, деп хабарлайды silteme.kz АА.

Ағымдағы жылғы бәйгеге 14 номинацяи бойынша өтінімдер қабылдау 15-қаңтар мен 1-наурыз аралығында жүргізілді. Олардың ішінде қазақ телевизиясының 60 - жылдығы мен Астананың 20 жылдығына арналған ерекше номинациялар бар. Сонымен қатар «Үздік операторлық жұмыс», «Жыдың үздік тележүргізушісі», «Жылдың үздік тележурналисі», «Үздік режиссерлік жұмыс» жеке номинациялары.

«Тұмарға» өтінімдерді қабылдау толығымен автоматтандырылып, kaztube.kz порталының негізінде жүзеге асырылған болатын. Бәйгеге қатысушылардың аса жоғары белсенділіктерін атап өту керек. Өтінімдерді қабылдау кезеңінде kaztube.kz порталына кірушілер саны 80%-ға өсті, ал өтінімдер саны былтырғы көрсеткішке қарағанда 1,6 есеге артты (240 өтінім).

2018 жылы «Тұмарға» 397 конкурстық жұмыс келіп түсті. Олардың ішінде қазылар алқасы Бәйге ережесінің талаптарына сәйкес ресімделген 355 конкурстық өтінімді қарауға қабылдады.

Өңірлік тұрғыда Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарының телеарналары көбірек белсенділік танытты.

Номинанттар арасынан ең көп қабылданған жұмыстар келесі номинацияларда: «Үздік деректі кино», «Үздік ағартушылық бағдарлама», «Үздік әлеуметтік бағдарлама», «Үздік ойын-сауық жобасы».

Бәйгенің қазылар алқасына журналистика мен телерадио хабар тарату салаларындағы кәсіби, жоғары білікті сарапшылар кірді.

Естеріңізге сала кетсек, «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммункиациялар министрлігі тарапынан ең сапалы және маңызды телевизиялық мазмұнды тауып, дәріптеу үшін, талантты профессионалдарды қолдау және отандық телевизияның сапалық стандарттарын арттырып, қазақстандық телевизияның дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған болатын.

Биылғы жылы бәйге екінші рет өткізілуде

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер