Показать содержимое по тегу: ҚР ИДМ
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында ҚР Үкіметінің 2015 жылғы қаулысына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар және даму жөніндегі қоғамдық кеңесі құрылды. Қоғамдық кеңестің құрамына үкіметтік емес ұйымдар мен бизнестің 15 өкілі кірді.
Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрлігі және «KAZNEX INVEST» «Экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ ұйымдастырған, «Қазақстан: жаңа инвестициялық мүмкіндіктер» конференциясы өтті.
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Астанада өткен XI Инновациялық конгресте сөз сөйледі.
Ақтауда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Каспий аймағының геологиялық құрамының ГАЖ-Атлас картасы» халықаралық жобасы бойынша мәжіліс өткізілді.
Бүгін Астанада «Жаңа талаптар жағдайындағы ТМК жұмысы» атты тау-кен металлургия өнеркәсібі қызметкерлерінің VII съезі өтті. Съезді Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Қазкәсіпметалл» салалық тау-кен металлургия кәсіби одағы, «КәсіпҚазақмыс» тау-кен өндіруші, металлургия өнеркәсібі және жанама өндірістерінің салалық кәсіптік одағы, ҚР көмір өнеркәсібі жұмыскерлерінің кәсіподағы ұйымдастырды.