Показать содержимое по тегу: ҚР ИДМ
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жалпы тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 25,8%-ға өсіп, 9,3 млрд. долларды құрады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мәлімдеді.
Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысы Саранск шаxтасында қайтыс болғандардың отбасыларына өтемақының берілетінін жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінде инвесторларға ұсынылатын дайын жобалар өте аз. Барлық жобалардың мәліметтер базасында ешқандай есеп жоқ, тек «бизнес-идеялар» жинақталған. Сондай-ақ, Қазақстанның шетелдегі өкілдіктерінде перспективалы жобалар туралы сапалы ақпарат жоқ». Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында айтты.
ҚР ИДМ басшысы шетел азаматтарының елімізде болу мерзімін бұзған жағдайда ерікті түрде айыппұлды сот шешімінсіз шекарада төлеулеріне рұқсат беру қажеттігін ұсынды.
Қазір екі ортада арнайы дәліз болмағандықтан тараптар алыс-беріске келгенде кедергілерге кезігіп жүр. Өйткені, екі мемлекет географиялық тұрғыда бір-бірінен алшақ жатыр. Осы мәселені бір ізге келтіру үшін тараптар «Нұрлы жол» мен «Еуразиялық бастама» бағдарламасын үйлестірген дұрыс дейді. Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Кореяға жасаған мемлекеттік сапарында осы жағдай айтылды. Мамандардың айтуынша, бұл қадам екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтереді. Жұмыс күні Отан үшін құрбан болғандар ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды. Елбасы Сеулдегі тағылымды монументке табан тіреді. Отан жолында опат болғандарды үнсіздікпен еске алды. Мәртебесі биік мемлекеттік сапар. Ел басшысы әдетте құрметті қонақтарды «Чонгвадэ» президент сарайында қарсы алады.