С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті QS рейтингіндегі позициясын жақсартты
08.06.2024, 15:21

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті QS рейтингіндегі позициясын жақсартты

       QS World 2025 әлемдегі ең үздік университеттер рейтингінің нәтижелерімен таныстырды. Жұмыс берушілер арасындағы Quaquarelli Symonds жаһандық рейтингтік агенттігінің мәліметінше С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің беделі арта түскен. 2025 жылы QS рейтингінің іріктеуіне әлемнің түкпір-түкпірінен 5 663 университет іліксе, оған Қазақстанның 21 университеті енген.
       С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің орны биыл біршама жоғарылады. Университеттің жұмыс берушілер арасындағы беделі 130 позицияға көтеріліп, осы көрсеткіш бойынша әлемнің ең үздік 800 университетінің қатарынан көрінді. Бұл бағыттағы жетістіктің көзі – жұмыс берушілер тарапынан университеттің білім беру бағдарламаларының сапасына сай сұранысының артуында. «Атамекен» ҰКП рейтингісінің нәтижесі осыған дәлел. Осылайша, 2023 жылы бұл рейтинг бойынша, университеттің 15 білім беру бағдарламасы қолдауға ие болып, оның ішінде 9 білім беру бағдарламасы ең жоғары орынға шықты. Аккредиттеу және рейтинг жүргізетін тәуелсіз агенттігінің мәліметіне қарағанда, Қазақстандық университеттердің жалпы рейтингісі бойынша Сейфуллин университеті еліміздегі ең мықты үш жоғары оқу орнының бірі. «IAAR Eurasian University Ranking (IAAR-EUR) - 2023» халықаралық рейтингінде Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ сегізінші орында.
       "С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ білім беру бағдарламаларының жоғары бәсекеге қабілеттілігі оның оқу процесіндегі міндетті практикалық құрамдас бөлігімен қамтылуында. Бұл бағытта мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Жұмыс берушілермен тығыз байланыс, дуальды оқытуды жүзеге асыру, жұмыс берушілермен бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлеу - университет түлектерінің жұмысқа орналасуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуде" деді С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Тіреуов.
       Студенттерге арналған тәжірибе базаларына еліміздің 140-тан астам ірі кәсіпорны кіреді. Олар: «Агрофирма Родина» ЖШС, «Атамекен-Агро» АҚ, «Астана-Өнім» АҚ, «Астана-Зеленстрой» ЖШС, «ЖасылАймақ» РМК және т.б.
       Германия үкіметінің және Германияның Ниенбург қаласындағы DEULA-Nienburg ауыл шаруашылығы бойынша тәжірибе-оқыту орталығының қолдауымен университететте LOGO e.V коммерциялық емес бірлестігі аясында шетелдік тәжірибе базалары құрылған. Осылайша, 2022-2023 оқу жылында студенттердің теориялық және практикалық оқыту бағдарламасы бойынша 2022-2023 оқу жылында ҚазАТЗУ 28 студенті Германияның жетекші шаруашылықтары мен кәсіпорындарында тәжірибеден өтуге шақырту қабылдаса, биылғы 2024 жылы олардың саны екі есе өсті.
       Әлемдегі ең беделді QS рейтингінің нәтижелері, осылайша, ел экономикасының серпінді дамуын қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған университет дамуының дұрыс бағытта екендігін айқындайды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер