Алматыда ҚР АШҒА жалпы жиналысы өтті
15.12.2023, 20:13

Алматыда ҚР АШҒА жалпы жиналысы өтті

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Жоғары органының кезектен тыс сессиясы - ҚР АШҒА  жалпы жиналысы, online -offline форматында.

2023 жылғы 15 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының жоғары органының кезектен тыс сессиясы – ҚР АШҒА  жалпы жиналысы өтеді.

         ҚР АШҒА  жалпы жиналысының жұмысына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары, мүшелері және корреспондент- мүшелері, жетекші ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының зерттеушілері, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірлерінен АӨК өкілдері қатысады.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы 1971 жылы құрылды. ҚР АШҒА  мүшелері 174 белгілі ғалымдар, оның ішінде Академияның 132 толыққанды мүшелері, 26 корреспондент- мүшелері, 12 шетелдік мүшелері, 4 құрметті мүшелері болып табылады. Құрылымында 4 бейінді бөлімшесі бар:

1) АӨК экономикасы

2) Өсімдік шаруашылығы, егіншілік және орман шаруашылығы

3) Мал шаруашылығы, ветеринария және балық шаруашылығы

4) Ауыл шаруашылығы шикізаты мен өнімін қайта өңдеу және механикаландыру

«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы» РҚБ өңірдің инвестициялық жобаларын және АӨК, қайта өңдеу саласы, орман, су ресурстары, биоәртүрлілік пен экология салаларын ұтымды пайдалану мен сақтауды шаруашылық жүргізуші субъектілерін ғылыми-консультациялық қамтамасыз етуде үлкен әлеуетке ие.

ҚР АШҒА  ғылыми-білім беру қызметінде ҚР АШМ жанындағы «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ барлық ҒЗҰ-мен, сондай-ақ ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жүйелерімен тығыз өзара әрекеттесуде.

Облыстарда меморандумдарға қол қою. Соңғы үш ай ішінде еліміздің 14 облыс әкімдіктерімен меморандумдарға қол қойылды және қол қою сатысында тұр, олар біздің АШҒА  мүшелерінің, облыстардың әкімдіктерінің, ауыл шаруашылығы басқармаларының, «Атамекен» ҰКП филиалдарының, республикалық қауымдастықтардың, палаталардың және сол өңірлердегі ҰАББО КеАҚ ҒЗИ-нің қатысуымен жүзеге асырылды.

Меморандумдарға қол қоюмен кездесулер Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Жетісу, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Орал, Ақмола, Қостанай, Абай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында өтті. Облыстарды ғылыми қамтамасыз етуге, ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне ғылыми-білім беру консалтингтік қызметтерін көрсетуге, инновацияларды енгізу бойынша консультациялық және сервистік қолдау көрсету, мамандар мен фермерлердің өзекті бағыттары бойынша құзыреттерін арттыру бойынша тығыз өзара іс-қимыл жасау және біздің АШҒА ғалымдарымыздың ұсыныстары мен бастамалары қолдау тапты.

Облыстар ауыл шаруашылығы кооперативтеріне шаруашылық жүргізудің шағын нысандарын біріктіру, бастапқы өнімді сақтау, өңдеу, өткізу және сервистік қызметтер көрсету; тұқым шаруашылығын дамыту, селекция, өсімдіктерді қорғау және карантин; орман шаруашылығы, топырақ ресурстарын қорғау; су үнемдеу технологияларын қолдану; ветеринария, жемшөп өндірісі және селекциясы; мал шаруашылығына қарқынды технологияларды енгізу; суарудың энергия-ресурс үнемдеуші технологияларын қолдану және кадрлар даярлау және көтеген  т.б. бағыттар бойынша АШҒА-ының қолдауына мүдделі.

АШҒА орталықтарының ашылуы. Жергілікті жерлерде тұрақты және жүйелі жұмыс істеу, сондай-ақ жастарды ғылыми қызметке тарту үшін өңірлік жоғары оқу орындары мен ҒЗО базасында «ҚР АШҒА» РҚБ орталықтары ашылды, оларды біздің академиктер мен сол салалардағы белгілі мамандар басқарады. Жалпы, бүгінгі күні облыстарда АШҒА орталығының 12 ашылды және 2 ашылу кезеңінде.  

ҰАББО КеАҚ ҒЗИ шарттар. ҰАББО КЕАҚ ҒЗ бейінді ҒЗИ-мен тығыз өзара әрекеттесуде, сондай-ақ гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ЖАО бюджеттік бағдарламалары және нәтижелерін коммерцияландыру шеңберінде конкурстық рәсімдерге бірлесіп қатысу үшін интеграцияны күшейту қажеттілігіне байланысты жетекші 16 бейінді ҒЗИ және басқа ұйымдармен бірлескен қызмет туралы шартқа қол қойылды.

ТМД елдерінің бұрыннан келе жатқан шығармашылық байланыстары бар жетекші жоғары оқу орындарымен байланыс және өзара әрекеттесу жолға қойылған. Біздің көптеген академиктер де белгілі жоғары оқу орындарымен ынтымақтасады. Алыс шетелдің жетекші жоғары оқу орындарымен байланыс орнатылды.

Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық. ҚР АШҒА және оның академиктері көптеген жылдар бойы халықаралық ұйымдармен тығыз жұмыс істейді: ФАО, ИКАРДА, СИММИТ, Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ), Халықаралық ғылыми-техникалық орталық( ХҒТО), Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ, БҰҰДБ ЖЭҚ), Халықаралық эпизоотиялық бюро (ХЭБ) және басқалар.

Қазіргі уақытта біз жас перспективалы халықаралық ұйыммен - Ислам әлемінің 54 елін біріктіретін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен (АҚИҰ) келісімге қол қойдық, оның басты мақсаты АҚИҰ елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аштыққа, құрғақшылыққа қарсы күрес және қажеттілігіне АӨК инновацияларын енгізу болып табылады.

Халықаралық ынтымақтастықты жолға қою және елдер арасында халықаралық дипломатияны дамыту тәжірибесі мол Ерлан Алимжанұлы Байдаулет АҚИҰ төрағасы болып табылады. АҚИҰ-ға мүше елдердің «Аграрлық ғылым академияларының қауымдастығы» құру тұжырымдамасы әзірленді.

Қауымдастық ғылыми негізделген ұсыныстар беру арқылы ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі саясатын қалыптастыруға ықпал етуге тырысады. Қауымдастық сонымен қатар ұлттық және халықаралық деңгейде ауылшаруашылық саясатын қалыптастыруда белсенді рөл атқарады.

         Академия Дүниежүзілік Банктің (ДБ), Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ), Еуразиялық даму банкінің (ЕДБ), Азия даму банкінің (АДБ), Ислам банкінің (ИБ) және т.б. қолдауымен халықаралық жобалардың қатысушысы болып табылады. Академия ғалымдары АӨК және ауылдық аумақтарды дамытуға, инновациялар мен жаңа технологияларды енгізуге бағытталған АӨК өңірлік бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асыруға белсенді қатысады. Осы бағытта халықаралық байланыстар және интеграция департаментін құру жоспарлануда.

Академия АӨК дамыту саласындағы білімді таратудың республикалық жүйесін іске асырады және оған қатысады. Осы бағыттағы қызметті жандандыру және Экстеншн жүйесін дамыту үшін Ереже жобасы әзірленді және Академия жанынан Ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыру институтын ашу жоспарлануда:

  1) Басқару және менеджмент академиясы - АӨК басшылары мен жетекші қызметкерлері үшін, сондай-ақ

2) Қолданбалы ғылымдар және агробизнес академиясы  – АӨК саласындағы шаруашылық субъектілерінің мамандары мен фермерлер үшін.

Жалпы жиналыс сонымен қатар, ғалымдардың ғылым мен білім беруді дамытуға қосқан үлесі мен еңбегін ынталандыру үшін, сондай-ақ оларды АШҒА одан әрі дамытуға ынталандыру мақсатында АШҒА наградалар, марапаттар номинациялары және ҚР АШҒА төсбелгілері бойынша пікірлер, ұсыныстар алмасуды көздейді.

        

Өткізу орны: «Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» ЖШС конференц-залы, Қ.Сәтбаев көшесі, 30Б (2-қабат, кнференц-зал, Қ.Сәтбаев көшесінің кіреберісінен кіреді (Манас және Ауезов көшелерінің аралығында).

Өткізу күні мен уақыты: 2023 жылғы 15 желтоқсан сағат 11:00-де.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер