«Шәкен Ниязбеков: қылқалам ғұмыр» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
15.12.2023, 20:23

«Шәкен Ниязбеков: қылқалам ғұмыр» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

ҚР Мемлекеттік Туының авторы, суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Ш. Ниязбековтың 85 жылдығына арналған «Шәкен Ниязбеков: қылқалам ғұмыр» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Биыл суретші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбековтың 85 жылдық мерейтойы аталып өтуде.   Мерейтойды атап өтудің мақсаты – Ш. Ниязбеков мұраларын дәріптеу, мемлекеттік рәміздерді кең көлемде насихаттау, жастардың бойына Отанға деген сезімді және патриотизді күшейту болып табылады.   Осы ретте, ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Тараз қаласы «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында «Шәкен Ниязбеков: қылқалам ғұмыр» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.   Конференцияға белгілі сәулетші, мемлекеттік Елтаңбаның авторы Ж.Мәлібекұлы, ҚР Парламенті Сенаты сенаторлар Кеңесінің және Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның мүшесі Т. Мұқашев, суретші-график, КСРО және Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Ф. Тарази, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі геральдикалық жұмыс басқармасының бас сарапшысы А. Айдарбек қатысты.   Шара барысында Мемлекеттік рәміздер тақырыбы бойынша ҚР Ұлттық архивінің құжаттар көрмесі, Қазақстан Суретшілер Одағының сурет көрмелері таныстырылып, Ш. Ниязбеков туралы деректі фильм көрсетілді.  

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер