Әнші Kalifarniya АҚШ-қа жол тартпақ
30.08.2023, 17:11

Әнші Kalifarniya АҚШ-қа жол тартпақ

«Пуэрто – Рико», «Qar» және «Роза» хиттерінің авторы гастрольдерін жалғастыруда. Фархад Қалиев Қазақстандағы толы залдарды жинаған сәтті концерттерден кейін, әлемдік турға шығуды жоспарлап отыр. Әртістің менеджерінің айтуы бойынша, Kalifarniya қазан айында АҚШ-қа жол тартпақ, кейін Еуропа, Қырғызстан, Моңғолия елдерінде концерттер ұйымдастырылады.   

                                                                                               

     Айта кету керек, бүгінгі таңда Kalifarniya өзінің танымалдылығының шыңында тұр. Оның клиптері YouTube арнасында миллиондаған қаралымға ие, ал Apple Music платформасында әртістің әндері 3,6 миллион рет, Spotify-да 4,8 миллион рет тыңдалған. Сәнді және романтикалық тректер өз көрермендерін тауып қана қоймай, QAR және Roza әндері үшін платина және Алтын дискілердің иегері Beu festival-дың (Қазақстанның жаңа музыкасы) беделді марапаттарына ие болды. Әлемдік турдан кейін, музыканттың өкілдері, Kalifarniya өз жанкүйерлерін жаңа хиттермен қуантады деп айтып өтті.                                                                                                                             

 

       Kalifarniya жеке әлемдік турнеге шығады

 

       Жаңалықпен танымал қазақстандық әртістің менеджері бөлісті.

 

       «Қазан айында Kalifarniya-ны АҚШ-та концерттер күтеді. Сондай - ақ Еуропада, Орта Азияда және Моңғолияда өнер көрсету жоспарланған», - деп атап өтті музыкант өкілі.                                                                                     

 

       Kalifarniya (есімі Фархад Қалиев) Ақтөбенің тумасы. Оның «Puerto-Rico» трегі осы жаздың басты хиті және тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелдік пайдаланушылар арасында Tik-ток тренді болды. Әннің аясында 100 мыңнан астам жарияланым және Tik-Tok-та 450 миллионнан астам қаралым жиналды. Биыл Kalifarniya Қазақстанның өңірлері бойынша үлкен тур өткізді. Тек Балқаш, Қостанай және Ақтөбе қалаларында әртісті 8000 мыңнан астам көрермен асыға күтті.                                                         

 

       Kalifarniya шетелде де өте танымал. Бұған дейін әртіс Қытайда, Өзбекстанда және Қырғызстанда өнер көрсетіп, толы залдар жинаған.

 

       Әлемдік гастрольдік сапар соңғы жылдардағы жеңісті шерудің жалғасы боларына әртіс ұжымы сенімді.                                                                                 

        Қазақстандық әнші Kalifarniya әлемдік танымалдылыққа ие болуда

 

       24 жастағы өнерпаз Qar және Roza туындылары үшін үздік әндерге арналған платина және алтын дискілерді жеңіп алды және тынмал жұлдыз мәртебесін иеленді, қазір Kalifarniya әлемдік сахнаны бағындыруда. Музыкант Өзбекстанда, Қытайда және Қырғызстанда концерттер өткізді. Алда, яғни күзде американдық және еуропалық көрермендер алдында өнер көрсетеді.

 

       Kalifarniya қазақстандық чарттарға жарқын туындыларымен еніп, хип-хоп, R&B, поп-музыка және эксперименттік дыбыстарды біріктіретін өзінің ерекше авторлық стилімен көрермендерді тәнті етті.                                            

 

       Бүгінгі таңда Kalifarniya – табысты әртіс, платина және алтын дискілердің, көптеген беделді марапаттардың иегері және танымал әндердің авторы, оның клиптері YouTube арнасында миллиондаған қаралымға ие, ал Apple Music-те әртістің әндері 3,6 миллион рет, Spotify-да 4,8 миллион рет тыңдалды.                                                                                                                   

 

       Биылғы жылы музыкант Қазақстан бойынша гастрольдік сапарын сәтті өткізіп, өңірлер бойынша үлкен аудиторияны жинады. Мәселен, оның туған қаласы Ақтөбеде, Kalifarniya өнерін тамашалауға сегіз мың адам келді.

      

       Әртіс әлеуметтік желілерде үлкен танымалдылыққа ие болды. Биылғы жылы шыққан «Пуэрто-Рико» Tik-Tok хиттерінің біріне айналды, жалпы қаралымы 450 миллион болатын ән, 140 мыңнан астам жарияланымға ие. Әсіресе трек Жапония мен Оңтүстік Кореяның пайдаланушыларына қатты ұнаған.                                                                                                                       

 

       АҚШ пен Еуропадағы гастрольдік сапарынан кейін, әншінің өкілдері, Kalifarniya жанкүйерлерінің саны артатынына аса сенімді.                                                           

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер