Табыс жолында: ҚазАТЗУ студенті Данил Акрамов тағы да әлемдік фотосурет байқауы үздіктерінің ТОП-ында
27.06.2024, 10:01

Табыс жолында: ҚазАТЗУ студенті Данил Акрамов тағы да әлемдік фотосурет байқауы үздіктерінің ТОП-ында

Фотографтардың арасында селт еткізер сәттерді түсіріп қана қоймай, оқиға туғызатындар бар. Осындай таланттардың ішінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің 21 жастағы студенті Данил Акрамов өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленеді. Осы жолы халықаралық байқауда оның жұмысы 35 марапатқа ие болып, «Қала пейзажы және сәулет» аталымы бойынша әлемнің үздік 35 фотосуретінің қатарына енді.

Бұл жас фотографтың бірінші жетістігі емес: өткен жылы Данил «Мобильді фотосурет» номинациясы бойынша қазылар алқасын (әлемдік танымал фотографтарды) таң қалдырып, әлемдегі ең үздік 100 фотографтың қатарына енген. Дегенімен, Данилдің бұл жетістігі - оның таланты мен кәсіби шеберлігінің айғағы.

Жеңіс – жетістікке жетелейді. Бұл жолы жас фотографтың объективінен Нью-Йорктің атақты сәулетшісі Марк Форнстың «Минима Максима» атты керемет инсталляциясы көрініс тапты. Сурет ағымдағы жылдың қаңтар айында Астанадағы «EXPO 2017» көрмесінің аумағында түсірілген. Бұл сәулет нысаны Данилді өзінің ғылыми-фантастикалық сипатымен «селт еткізді». Оның пікірінше, бұл заманауи технология мен жасанды интеллект дамуының символы.

Бір қызығы, бұл фотоның өте жоғары сапалы кәсіби камерамен емес, «Xiaomi 13T» смартфонымен түсірілуі - бұл фотосуреттің «Қала пейзажы және сәулеті» санатындағы ТОП 35 үздік фотосуретке енуіне кедергі болмады. Керісінше, Данил өнер туындыларын жасау қымбат фотоаппаратты қажет етпейтінін, ең бастысы шабыт пен кадрдың сұлулығын жеткізуге ұмтылыс жасаудың маңыздылығын дәлелдеді.

9-шы 35AWARDS фото байқауының нәтижесі бойынша Д.Акрамов «Қала пейзажы және сәулеті» бойынша әлемдегі ТОП 70 фотографтарының және Қазақстандық фотографтар арасында ТОП-10 қатарына енді.

-  «Менің қалыптасуым мен дамуыма әсер еткен, университетіме, өзінің  дана басшылығымен мені сара жолға салған университет Ректоры Қ.М.Тіреуовке ерекше алғысымды білдіргім келеді. Жақын адамдарымның менің табысыма қосқан үлестері шексіз. Осының өзі мен үшін мақтаныш сезімін туғызады», - деп түйіндеді Данил Акрамов.

Данил өзін қоршаған ортадағы адамдардың жүздерін туынды ретінде қабылдай алады. Сөйтіп, ол өз ісінің шынайы шебері ретінде - әрбір сәттің эмоциясын, ішкі иірімін жеткізе алады. Ол біздер, қарапайым адамдар, көзіне де ілмей өтіп кететін фотосуретке лайық әсемдікті көре алады. Данилдің фотосуреті бізді бір сәтке тоқтатып, жан дүниеңді тыныштандырып, айналамызға көз салып, әрқайсымыздың маңымызда қаншалықты сұлулық, қаншалықты мағына бар екенін түсінуге итермелейді.

Статистикаға сәйкес, 2023 жылығы 35awards байқауы бұрынғыдан да үлкен танымалдылыққа ие болып,  оған 174 елден 111,3 мың қатысушы кіріп, олардың жұмыстары шамамен 465,7 мың фотосуретті құрады. Бұл фотосуреттер әлемінің қаншалықты қарқынды дамып келе жатқанын және бұл өнердегі бәсекелестіктің қаншалықты күшейгенін айқын көрсетеді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер