Инвестициялық климатты жақсарту – уақыт талабы
29.11.2016, 12:24

Инвестициялық климатты жақсарту – уақыт талабы

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрлігі және «KAZNEX INVEST» «Экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ ұйымдастырған, «Қазақстан: жаңа инвестициялық мүмкіндіктер» конференциясы өтті.

Конференция аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар өтті. Онда әлеуетті және жұмыс істеп жатқан шетелдік инвесторлардың қатысуымен өткен инвестициялық форум, инвестициялық жобалардың бірыңғай көрмесі және Қазақстан экономикасына қосқан үлесі үшін шетелдік  инвесторларды марапаттау рәсімі болды.  Конференция басталар алдында, шетелдік компанияларды еліміздің инвестициялық мүмкіншілігімен таныстыру мақсатында, Қазақстан Республикасы инвестиция және даму Министрі Жеңіс Қасымбектің шетелдік бизнес өкілдерімен  кездесуі өтті.

Конференция асында мемлекеттік органдар және бизнес өкілдерінің қатысуымен «Тау-кен-металлургиялық  кешеніне  және энергетикалық секторға инвестициялар тарту» панелдік сессиясы болды.

Жер қойнауын пайдаланушы-компания өкілдерінің сөйлеген сөздерінде (Illuka Exploration, «Қазгеология» АҚ және т.б.) инвесторлардың «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» болашақта қабылданатын  Кодекске байланысты инвестициялық климатты жақсарту бойынша инвесторлардың күтетін  өзгерістері айтылды.

«Геологияда және жер қойнауын пайдаланудағы инвестициялық климатты жақсарту» тақырыбындағы баяндамада, әлеуетті инвестор үшін геологиялық мәліметтердің ашықтығы және қол жетімділігі принципіне негізделетін  салалық  ақпараттық технологияларды дамыту, жер қойнауы туралы Кодексті жасау кезінде жеңілдетілген әдісті пайдалану, жұмысын енді бастаған компаниялар нарығының  қызметін қамтамасыз ету және капитал тарту мүмкіндіктері, халықаралық CRIRSCO стандартына өту, кен өндіру салаларының тазалығы Бастамалары стандарттарын іске асыру сияқты жаңа өзгерістерді қарастыратын жер қойнауын пайдаланудағы заңнаманы жетілдіру бойынша негізгі міндеттер аталып өтті.

2017 жылы бекітуге жоспарланып отырған, жер қойнауы туралы Кодекстің  басты мақсаты - инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыру және елдің тұрақты экономикалық дамуы үшін минералдық-шикізаттық  базаның игерілуін қамтамасыз ету.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер