Показать содержимое по тегу: ҚР ИДМ
Бүгінде елімізде салынып жатқан автожолдардың қазіргі жай-күйін бағыттар бойынша тарқатар болсақ, Астана мен Алматыны жалғайтын күре жолды талапқа сай етіп жасау жұмыстары 2013 жылы Астана – Теміртау (171 шақырым) учаскесі мен Алматы – Қапшағай (104 шақырым) учаскесінде басталып кеткен болатын. Бүгінгі таңда Астана – Теміртау учаскесінде 12 шақырым, Алматы – Қапшағай учаскесінде 72 шақырым жол пайдалануға берілді. Биыл жыл соңына дейін Астана – Теміртау (159 шақырым) және Алматы – Қапшағай (32 шақырым) жолдарында қозғалыс ашу жоспарлануда.
Бүгін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен республика көлемінде «Жаңа Индустрияландыру» телекөпірі өтті.
Қытайдан 51 кәсіпорын қазақстанға көшіріледі. Қытайда өтетін G20 саммиті қарсаңында Синьхуа агенттігі мен басқа да ақпарат құралдарына сұхбат берген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.