Показать содержимое по тегу: Сұлулық
Әлемде модельдік бизнес ХІХ ғасырда пайда болған. ХХ ғасырда бизнес ретінде қалыптасып, дамыды. «Модель» ұғымы қолданысқа енбей тұрғанда, 1890 жылы ақсүйектің қызы Люсиль ханым «модель» үйін ашқан екен. Батыстан бастау алған бизнес бізге ХХІ ғасырда бір-ақ жетті. Жеткенмен, әлі де дами қойған жоқ.
Үнемі көңілді жүру үшін өзіңізді бақылап үйреніңіз. Болмайтын нәрселерге ренжіп, жақындарыңызды ренжітпеңіз. Көңіліңізді қалдырған адамдарды кешіре біліңіз. Сол арқылы өзіңізге зиян әкелетін жек көрушілік, кек қайтару деген жаман ойлардан арыласыз.
25 жастағы бразилиялық Дженнифер Памплона өзінің кумиріне айналған актриса, әрі фотомодель Ким Кардашьянға ұқсау үшін 500 мың долларға операция жасатқан. Өзінің жаңа тәнімен мақтану үшін ол жартылай жалаңаш суретін әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді, деп жазады sn.kz порталы Daily Mail порталына сілтеме жасап.
Алматыда «Қазақ Аруы - 2018» байқауының жеңімпазы анықталды. Биыл ақтаулық Набира Рақымжан жеңіске жетті.