Ким Кардашьянға ұқсағысы келген бойжеткен жарты миллион долларға ота жасатқан
26.03.2018, 14:04

Ким Кардашьянға ұқсағысы келген бойжеткен жарты миллион долларға ота жасатқан

25 жастағы бразилиялық Дженнифер Памплона өзінің кумиріне айналған актриса, әрі фотомодель Ким Кардашьянға ұқсау үшін 500 мың долларға операция жасатқан. Өзінің жаңа тәнімен мақтану үшін ол жартылай жалаңаш суретін әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді, деп жазады sn.kz порталы Daily Mail порталына сілтеме жасап.

Памплона өзінің 4 қабырғасын алдырып тастаған және мұрнына пластикалық ота жасатқан. Бетін тартып, жағын кішірейткен. Сондай-ақ, Ким Кардашьяндікіндей етіп жамбасын үлкейткен. Бірақ мұнымен тоқтамауға бел буған Дженнифер дәрігерлердің ескерутіне қарамастан жамбасын тағы үлкейтікісі клетінін жасырмайды.

«Егер өз-өзіңе көңілің толмаса, қолыңнан ештеңе де келмейтіні анық. Ал, мен қазіргі түр-әлпетіме сүйсінемін. Айнаға қараған сайын өзімді жақсы сезінемін. Егер осы уақытты қайта айналдырса, мен бәрібір тура осыны жасайтын едім. Енді бизнесімді ары қарай жалғастырып, жаңа карьералық жолымды қалыптастыруым керек», - дейді ару.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер