ШҚО-ДА ЖАЛПЫ ПАЙДАЛАНЫМДАҒЫ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
08.05.2017, 18:20

ШҚО-ДА ЖАЛПЫ ПАЙДАЛАНЫМДАҒЫ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев пен облыс әкімінің орынбасары Серік Ақтановтың қатысуымен ШҚО бойынша жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын дамыту жөнінде бірлескен кеңес өтті.

Кеңес барысында «Шығысжоллаборатория» РММ, Шығыс Қазақстан облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің, Өскемен қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Мереке Пішембаев кеңеске қатысушыларды Автомобиль жолдары комитетінің 2017 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Сонымен бірге, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның облыстық филиалы мен Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан орындалған жұмыстардың сапасын, сонымен қатар, ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты  «Қазақавтожол» РМК облыстық филиалының Әкімшілік полиция аумақтық бөлімдерімен және төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттермен бірлескен іс-қимылды күшейтуді бақылау қажеттігін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша, қыс кезінде жолды күтіп ұстау мен су тасқыны болатын кезеңге алдын ала дайындық шараларын пысықтау жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктелді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер