ШҚО-да жас жігіт киіміне ақша жапсырып шығып, елге таратты
19.03.2018, 18:03

ШҚО-да жас жігіт киіміне ақша жапсырып шығып, елге таратты

Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында киіміне ақша жабыстырып алған жігіт көшеге шығып, жұртты таңғалдырды.

Жігіт қайырымдылық жасаудың ерекше әдісін ойлап тауыпты. Қасына "Ақша керек болса, ал" деген жазу жазып қойған оның әрекеті, өткен-кеткенді таңғалдырмай қоймады. Бұл идеяның авторы – зыряндық жас кәсіпкер Юрий Токарев. Ал қала көшесінде тұруға маркетолог маман Денис Никоркин ниет білдірген. 

"Мен бұл идеяның іске асуын бір апта күттім. Өйткені тұрғындардың қалай қабылдайтыны өте қызық болды",-дейді ол. Алайда киіміне ақша жапсырып, кім алса, сол алсын деп тұрған жігітке ешкім жолай қоймады. Керісінше оған қызықтап қарап тұрғандар көп болды. "Бұл біздіңше тамаша идея. Бұл жігіт те мықты екен, ұялмай ел алдына осылай шығып, көмек ұсынып тұрған",-дейді қала студенті Серік Әділханов.

Дегенмен  аздан соң бәрі өзгерді, ең алдымен жас жігіттің киіміндегі ақшаларды балалар жұлып ала бастады. Шырқайың ауылынан келген екі жасар Арман Ринатұлы екі жүз теңгеліктің біреуін алды. Ата-анасы  ол ақшаға  тәтті алып береміз десті.

Сөйтіп зыряндықтар акцияға ақырындап араласа бастады.  Шараның басты талабы – алынған ақшаны неге жарататыныңды айту. Зейнеткерлер дәрі-дәрмек аламыз деп, студенттер түскі асқа деп ала бастады. Ал Жастар орталығның қызметкерлері алған ақшаларын Аягөз ауданына жөнелтетінін айтты.

"Осылайша киімге 200 теңгеден жапсырылған 20 мың теңге 45 минуттың ішінде таратылды. Айта кету керек, ешкім де ашкөзденіп талап алған жоқ, тіпті саңырау азаматтың өзі келіп тек 400 теңге ғана алды, көбірек алуды ұсынған едім, жоқ осы да жетеді деп бас тартты. Тек таксистердің тәбеті жақсы екен, темекі аламыз деп бірнеше екі жүздікті жұлып алды",-дейді  ақша таратқан жігіт. Тұрғындар таңғаларлық қадамдар да жасаған. Өтіп бара жатқан бір жігіт  ақша алғанның орнына, жапсырып ал деп 200 теңге ұстатып кеткен.

Дереккөз: altaynews.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер