Шығыс Қазақстанда сирек кездесетін металдың қоры табылды
31.03.2018, 13:06

Шығыс Қазақстанда сирек кездесетін металдың қоры табылды

Шығыс Қазақстан облысында литий металының мол қоры табылды деп хабарлайды baribar.kz.

Литийді шыны және керамика өнеркәсібі салаларына, аккумулятор батареяларын шығаруға, металлургия өнеркәсібінде жиі қолданылады. Сарапшылар алдағы уақытта литийге деген сұраныстың арта түсетінін айтады.

2015-2017 жылдары облыста алғаш рет «Семей» СК ЖШС республикалық бюджет қаражаты есебінен Ахмер кен орнында сирек металдарға іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізіп, қалайы және литийдің қоры мен болжамдық ресурстарын есептеп, бекіткен. Техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес Жаңа Ахмер кен орны литиді ашық карьер әдісімен игеру үшін табысты болып есептеліп отыр.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер