Показать содержимое по тегу: Қазақ қызы
Қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығуы қазіргі таңда сәнге айналғандай. «Күйеу балалардың» ішінде кубалық, француз, неміс, араб, қытай, бельгиялық және басқалар бар. Мәселен, Оралда туған, алайда кейінгі жылдары Алматыда тұрып, жұмыс істеген Әсем Қасымова (аты-жөні өзгертіліп алынды. Н.Д.) кубалық Александр дейтін жігітпен бас қосқан. Ол болашақ күйеуімен Алматыдағы мейрамханалардың бірінде танысады. «Ол музыкант болды, – дейді Әсем әлеуметтік желідегі жазбасында – бес тілде ән орындайтын. Бір-бірімізге телефон нөмірлерімізді бердік. Алғашында дос ретінде қарым-қатынас жасап жүрдік. Бір күні маған үйленгісі келетіні жөнінде ұсыныс жасады».
Ежелден қазақ қызын дүйім жұрттың ұяты, халықтың шырайы деп баға берсе керек. Ұлт болып ұйысқан қазақ жұртының қаймағы бұзылмай, жеке халық болып қалыптасуына септігін тигізді. Қашан да ұрпағының болашағын ойлап, өркен жайып, өнегелі өмірдің өшпес ізін қалдыратын қазақ қаракөздерінің бейнесі бүгінде жоқ емес. Бар. Алайда, әр бұрышта жасырынып болсын немесе жарияға жар салып, темекіні телміріп тартатын қыз балалардың бүгінгі халі кімге үлгі? Келешекте кемеліне жетер бала сүйе ала ма? Жалын атқан жас кеуде лезде барынан айырылып, сорлыға айналатыны белгілі ғой.
Жеке тұлғаның мәселесі еместігі анық. Қоғам болып, қазақ даласының кеңдігіндей мейірімді жүректердің қарсы болары ақиқат. Ал, қоғам оларды қалай түземек? Бетіне басса да, жай сөзбен айтса да, "жұмысың болмасын" не болмаса тағы басқа да тұрпайы сөздерді айтып, бет бақтырмайды. Күнде қос жанармен көріп, құлақтың құрышын қисынсыз қандырып жүрген әдетті тіркес. Одан қала берсе, көшеде қоқыс жәшіктерінен қорғансыз табылып жатқан шақалақтың ешбір айыбы жоқ болса да, ананың аялы алақанынан адасып жатқаны жаныңды ауыртады. Таңғы жаңалықты көріп, таңырқамайтын да болдық. Сонда жанымызда отырған үлкендеріміз "осындайынан сақтасын, кім тәрбиелейді осындай жүрексіздерді" деп күйініп отырады.
Отбасындағы саналы тәрбие – қыз баласының құтты орнында қадірін арттырып, болашақ ана, сүйікті жар рөлін еркін атқаруына себепші болар еді.
Қазақ жігітінің қай-қайсысынан сұрасаңыз да, иманды, сұлу, тәрбиелі, тәлімді нәзік жандыны жанына жақын тартады. Отбасының шаңырағын биік ұстап, отымен кіріп, күлімен шығатын отанасының отауында, ғұмырын гүлдендіретін серік іздейді. "Тәрбие – тал бесіктен" дейтін асыл сөздің өзі талай дүниені айқындайды. Адамзат пен әлем бесігін тербетер бойжеткендердің белгісі – имандылық. Ұрпақтың сау, салмақты, салиқалы болып өсуі – елдің ертеңі. Қыз бала – болашақ ана. Бүтіндей бір ұрпақты тәрбиелейтін білімдар жан. Қазақтың қызы – қасиеті артқан ғасырлар жалғасы. Сол дәстүрді жоғалтпай, тар қапасты танымсыздықтан сақ болуымыз қажет.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті
Қытайдағы ең алып әскери кемені 23 жастағы қазақ қызы тізгіндеген деп жазады Қазақпарат.
Апа, неге осы қазақтың келіндері орамалсыз жүрмеуі керек?
– Е, жарығым! Əйел орамал тақпаса – арын ұмытады. Күйеуінің барын ұмытады! Шашы – тамаққа түседі, өзіне келген қонақтың назары түседі.
– Ал, сəлем салмаса ше?
– Сəлем салмаса – өзін сыйлайтын қайын ата, қайын ағадан айырылады, тегін батадан қайырылады!
– Келін міндетті түрде униформа (халат, ұзын көйлек, орамал) киіп, келін боп шауып жүруі керек пе?
– Қыз қалыптан əйел болуға көндіретін ол – сəлемі, жат жұрттың алдындағы əдебі! Қыз күнін қиып, қыдыруын тиған – қатын болады! Қатын болған адам – қазанға, отқа жақын болады. Құрсағын кеңітіп, бала тапқан – кең болады! Алпыс екі тамырын иіткен ана болады! Басқа салғаннан ой түйіп, тағдырына бас игенге құдай өзі пана болады! Үлкеннен көргенін бойына сіңіріп, өзі де сол əулетке сіңген келін – дана болады!
– Ой, қазір жастарды емес үлкендерді тəрбиелеу керек сияқты ғой!
– Бүркіт көзіне көрінгенді алмайды, көңілдегісін алады. Ақылды атаның баласы ерегіспей, тектілігіне салады. Көргеніңе көз жұм да,көңілдегіңді істе!
– Бəрін бір келін байғұсқа жүктейді қазақ!
– Е, балам! Жақсы келін ата-енесін бағады. Ата-анасы ұнатқанды – отағасы жылатпайды! Кемінде алты бала тапқанның не айтса да сөзінің құнары болады, қамықса – қарайтын “шырағы” болады. Аз бала тапқанның тыпыршып айтар “ұраны”болады. Көп баласы бардың – шөлдетпейтін бұлағы болады. Əйел – келін болмаса, керім болмайды. Ана болмаса, ене болмайды. Ене бола алмаса – əдепті келіні жəне болмайды!
– Бəрі əйелге байланысты емес қой. Ер азамат та жəрдем беруі қажет!
– Дұрыс! Азамат таппаса – ақшада береке болмайды! Дүние тапқанмен, баққаны көше болса – екі дүниеде сорлайды! Еркегі үйіне қонбайтын үйдің – қызы етегін жаппайды, еркіндік сақтайды. Қылық сақтап, қымсынбайды. Айналасын жинайын деп ұмсынбайды! Ұлы – ұсақтау, бəдік болады, қатындардың тірлігіне қанық болады! Əйелі ашынып жүреді, бір ысып, бір суып, басылып жүреді. Көршімен əңгімешіл боп, үйі бықсып, шашылып жүреді. Ондай əйелден – əдеп сақтар жар, салиқалы ана шықпайды.
Еркекті ерітетін де – əйел, жерітетін де – əйел! Беделін биік қып, абыройын кемітетін де – əйел! Əйел жұмсақ болмаса – ер далаға қашады. Далада жүріп көп былыққа араласады. Араласқан соң – тапа тал түсте сөз таппай сасады, əрнəрсені сылтау ғып, өтірік ғайбат шашады. Əйелі жақсының ағайыны айналасында жүреді. Ұрпағы ізетті болады.
Дереккөз: elana.kz
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ », – дегені бар. Халқымыз «қыз – қонақ», -деп төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген халық.
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13