Показать содержимое по тегу: Дінмин
2018 жылғы 14-15 қаңтар аралығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын Каир қаласында жұмыс сапарымен болып, онда Жоғарғы имам Шейх Әл-Азхар Ахмад Ахмад-Ат-Тайеб, Коп православ шіркеуінің басшысы Папа Тавадрос II, Мысыр Араб Республикасының Уақыфтар істері жөніндегі министрі Мұхтар Жұма, Мысырдың Сыртқы істер министрінің мәдени және дін мәселелері жөніндегі орынбасары Хибо Әл-Мараси, сондай-ақ Азия істеріне қатысты орынбасары Халид Саровпен кездесті, деп хабарлайды silteme.kz.
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің бұйрығына сәйкес, 2018 жылғы 15 қаңтардан бастап «Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру ережелерінің» жеңілдетілген нұсқасы қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі баспасөз қызметіне сілтемемен silteme.kz.